Музей-қорықта Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін атап өтті.
Музейде Отанынан тыс жерлерде халықаралық борышын атқарған бірнеше соғыс ардагерлері жұмыс істейді. Олар Олег Леонидович Дягилев, Михаил Анатольевич Селиванов, Амангелді Күлімбековұлы Құрұмбаев, Айдар Ахметқалиұлы Оразбаев, Сәлім Равильұлы Исмагилов. Оларды Ауған соғысының аяқталғанын еске алу күнімен құттықтауға және соғыста қаза тапқандарды еске алуға шақырды. Ардагерлердің әрқайсысы Ауғанстандағы сапарлары туралы айтты. Барлығын соғыстың аяқталуының 31 жылдығымен құттықтап, музей-қорық директорының бірінші орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрайымы Алия Мүталімова құттықтап, ардагерлерге музей-қорық басшылығының алғыс хаттарын және кәсіподақ комитетінің ақшалай көмектерін табыстады. Ауғанстан ардагерлеріне музей-қорықтың дизайн және сәулет бөлімінің қызметкерлері Полина Горячкина мен Виктор Шевченко және Өскеменнің әншілері Владимир Шимбасов, Анатолий Рожков және Батыр Мұқанов ән айтты.
Музей-қорық баспасөз қызметі
Алексей Мазницынның суреті
< Prev | Next > |
---|