15 ақпан күні облыстық Достық үйінде «Сібір казачествосы: тарих, өмір, мерекелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева қатысты.
Ольга Николаевнаның жасаған баяндамалары «Протоиерей, Өскемен қаласындағы Покров соборының попы, Семей облысы Өскемен уезінің әдептісі А. В. Дагаев» және «Семей облысының Өскемен уезі Алтай станицасындағы казактардың Покров шіркеуінен әкелінген бұйымдары (қазірде ШҚО, Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылы) музей-қорықтың қор топтамасында» атты тақырыптарда болды.
Конференцияға қатысушылар дін қызметкері, өзін Жоғарғы Ертістегі пастырлік қызметке арнаған Александр Дагаевтың тағдырымен (1861-1919) және музей-қорықтың қорынан алынған, оның Шығыс Қазақстан жерінде болғанын дәлелдейтін дереккөздермен танысты. Екінші баяндаманың тақырыбына орай музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған, Алтай станицасында казактардың шіркеуі болғаны жайлы қызықты тарихтар келтірілген жәдігерлер ұсынылды.
Конференцияны Жоғарғы Ертіс орыс казактары общинасы (ЖЕОКО) мен Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімі ұйымдастырды. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова мен РФ-ның Өскемендегі бас консулдығының қызметкері Святослав Дегтярёв қатысты. ЖЕОКО өкілі Олег Герасимовтың пікірінше, музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева алға тартқан ақпарат өлкедегі казачествоның тарихы жайлы қызықты материал болып табылады. Бұл тарих музей-қорық қызметкерлерінің көмегімен жаңғыра түсуде.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Prev | Next > |
---|