• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Ақ бауырды дамытудың келешегі

Ақ бауырды дамытудың келешегі

Өскемендегі облыстық драма театрында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2019 жылы аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар турасында жұртшылық алдында есеп берді.

Театрдың екінші қабатындағы фойеде облыс музейлері аймағымыздың ғасырлар бедерінде дамығанынан хабар беретін топтамаларды ұсынды.  Олардың қатарында Тарбағатай ауданының  Елеке сазы қорымын қазу барысында табылған «Алтын адам» да бар. Музей-қорық І Ақбауыр  аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған  материалдардан тұратын витринаны жабдықтады.  Олар тастан жасалған еңбек құралдары, керамика кермелер мен керамикалық ыдыстардың көріністері. 

Конференцияға қатысушылар қатарында Ақбауыр қазбаларын қазумен айналысқан тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев та болды. Біз ғалымнан бүгін көпшілікке ұсынылып отырған жәдігерлер турасында айтып беруін өтінген едік.  Ғалымның сөзіне қарағанда, қазба жұмыстарында табылған дүниелер белгілі бір замандарда біздің аумақты мекен еткен халықтың өткен тарихына тың көзқараспен қарауды талап етеді.  «Бұлардың барлығы сақтардың отырықшы болғанын дәлелдейді, - дейді Зейнолла Самашұлы. – менің ойымша, Ақбауырмен етене әрі толыққанды айналысу керек».  Белгілі   археолог  алдағы уақытта Ақбауырға арнап музей ашуды   қолға алу керек деп есептейді. «Қалада екі бірдей университет бар, - дейді  Зейнолла Самашев, - студенттер қазба жұмыстарымен айналысады, десе де олар тәжірибеден өтетін база жасалуы керек. Бұл тарих ғылымы мен өлкетануды жүйелі дамытуға жол ашып, студенттердің кәсіби бағдар алуына негіз болады». Сонымен қатар музейдің ашылуы облыста, республикада туризм саласын дамытуға үлкен жол ашпақ. 

Облыс әкімі  Даниал Ахметов те өз баяндамасында туризмді дамыту турасында айтып өтті. Аймақ басшысы жұртшылық алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, ағымдағы жылы облысты дамытуға бағытталған жоспарлар турасындағы ойларын ортаға салды.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

                 

 

 

         

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …