Музей-қорықта Абай жайлы баяндайтын «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты телебағдарлама циклінің алғашқы түсірілімі болды. Оны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Altai jastary» телестудиясы мен медиаорталығы түсірген.
Телебағдарламалар сериясының мақсаты – жастарды Абай Құнанбайұлының мұрасымен таныстыру және ұлы ақынның мұраларын кеңінен тарату және насихаттау. Телебағдарламаны жазу жұмысы М.Горький көшесі, 59 ғимаратында орналасқан қазақ этнографиясы залындағы киіз үйде өтті. Жүргізушілер – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 4-ші курс студенті Естай Жаңабаев пен журналистика мамандығының 2-курс студенті Талшын Нұрланова.
Қазақ және орыс филологиясы мен журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сәкен Қасенов «Абай. Оның дәуірі» атты алғашқы бағдарламаның қонағы әрі қатысушысы болды.
Бағдарламаны аталған ЖОО сайтының YouTube арнасынан және университеттің әлеуметтік желілерінен көруге болады.
< Prev | Next > |
---|