• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Музейге барамыз!

Музейге барамыз!

2020 жылдың 27 ақпанында Қ. Қайсенов көшесі 67 музей-қорықтың залдарында  Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінің студенттеріне «Мен музейге барамын» акциясы өтті. Бұл музей-қорықтың келушілерді қызықтыру жұмысының жалғасы.

Акция Қазақстанда 1 наурызда өтетін жатқан Алғыс айту күні қарсаңында өтті. Тәрбие және бұқаралық жұмыс бөлімінің әдіскері Любовь Лазарева студенттерге «Біз - Қазақстан халқымыз» экспозициясы орналасқан залдарда экскурсия өткізді. Акцияға барлығы 30-ға жуық студент қатысты.

«Музейге барамын» акциясы Қазақстанда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдан бастап қолға алынды. Ағымдағы жылдың 20 ақпанында музей-қорық қызметкерлері Өскемен политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Олар XIV-XX ғасырлардағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, музыкасымен, қолөнерімен, аңшылығымен, темір ұстасымен байланысты қазақ этномәдениеті туралы тұрақты көрмемен танысты. Сонымен қатар, музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова музей галереясында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі «Мұзтау тауына арналған Алтай аңыздары» көрмесіне экскурсия жасады.

«Мен музейге барамын» жобасының кураторы - Гүлмарал Сәдуақасова, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының қызметкері. Акция жалғасуда.

Музей-қорық баспасөз қызметі

Сергей Суровтың суреті

 

                 

 

           

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …