«Мүлде босбелбеу болып кетті» деген сөз естеріңізде ме? Ол бізге ерте заманнан жеткен.Жалпы, бабаларымыздың ел алдына белбеусіз шығуы өрескел саналатын. Енді ғана дүниеесігін ашқан нәрестеге де белбеу байлағанжәне ол белбеу оның жасы өскен сайын ауысып отырылған, әйтеуір ол әр адамда болуы керек болып есептелетін.
13 наурыз күні музей-қорықта өткен шеберлік дәрісінде Ұлан ауданының Украинка ауылынан келген шебер Марина Бурковская осылар және ертеректе үй жағдайында тоқылған белбеулер мен басқа да қызықты дүниелер жайлы әңгімелеп берді.Марина Петровнаның өзі әртүрлі баулар мен бердо белбеулерін жасау үшін жиі тарақ сияқты затты пайдаланады екен. Тоқымашылықтың мұндай түрін біздің ата-бабаларымыз – славяндар қолданса керек. Тоқыма бұйымдардағы суреттер жайлы сөз саптаған шебер оларға ұқсас ою-өрнектер өзге ұлттарда да кездесетінін атап өтті. Ол қазақ кілемдерінен осындай ұқсастықты байқап келеді.Осы жерде облыс орталығының қолөнершілері де өз бұйымдарын ұсынды. Мәселен, Флёра Камаева сутаждық техникада дайындалған өрнектерін, Татьяна Красильникова киізден жасалған қол жұмыстарын, Юлия Проскурина матадан жасалған ойыншықтары мен интерьерлік қуыршақтарын көрсетті. Ерлі-зайыпты Ольга және Владимир Шеповаловтар көрмеге өздерінің қайың қабығынан жасаған бұйымдарын әкелді. Шеберлік дәрісі мен көрмеге Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері келді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Prev | Next > |
---|