• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Халықаралық музейлер күні – бұл біздің мереке!

Халықаралық музейлер күні – бұл біздің мереке!

18 мамырда музей-қорық ұжымы Халықаралық музейлер күнін атап өтті.

Музей-қорық директоры Арсен Тен аталмыш мерекемен жиналғандарды құттықтады. Ол баршаға бақыт, сәттілік және жұмыстарына табыс тіледі. Арсен Владмирович музей-қорық сияқты көп қырлы ұжымда бұл тек ғылыми қызметкерлер үшін ғана емес, сонымен бірге ортақ музей ісінің игілігіне қызмет атқаратын қызметкерлер, жүргізушілер, көгалдандырушылар, күзетшілер және басқа да мамандықтардың жұмыскерлері үшін кәсіби мереке екенін атап өтті.

«Музей қызметкерлері – құндылықтарды қорғаушылар», - деді өнертанушы Тамара Быкова құттықтау сөзінде. Оның пікірінше, музей қызметкерлері – бақытты адамдар: «Менің ойымша, бақыт – бұл өз ісіңізді, өз жұмысыңызды жақсы көру. Әріптестерімнің көпшілігі бұған ие. Барлықтарыңызды осы кәсіби мерекелеріңізбен құтықтаймын!».

Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев барлығына жұмыста шығармашылық шабыт, қуаныш және де мықты денсаулық тіледі.

Сонымен қатар, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку, ұйымдастыру бөлімінің бастығы Альмира Сайкенова да ұжымды мерекемен құттықтады.

Бұл күні ерекше құттықтаулар өзінің мерейтойлық туған күнін жақында атап өткен халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджановаға арналды.

Дәл осы күні музей-қорықтың қызметкерлері директормен бірге музейдің негізін қалаушы Николай Зайцевке барып, оны мерекемен және сондай-ақ туған күнімен құттықтады – Николай Алексеевич жақында 73 жасын атап өтті.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

           

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …