• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Зообаққа келіңіздер. Бізбен қызықты әрі танымдылыққа толы!

Зообаққа келіңіздер. Бізбен қызықты әрі танымдылыққа толы!

Қоқиқаз қалай ұйықтайды және зообақтағы аю қалай қысқы ұйқыға кетеді?  

Жыртқыш құстар қалай аң аулайды? Музей-қорық  зообағы өлке фаунасы бөлімінің биологы Юлия Павленко экскурсия барысында осы және басқа да сауалдарға жауап береді. Өлке фаунасы бөлімі немесе зообақ қазір жұмыс істеуді және келушілерді қабылдауды бастады. Мұнда өлке фаунасының 279 өкілі бар. Олардың 24 түрі сүтқоректі жануарлар, 23 түрі құстар, 2 түрі бауырымен жорғалаушылар. Жануарлар мен құстар арасында қызыл кітапқа енгендері, былайша айтқанда жойыла бастағандары да бар. Соған орай зообақтар жануарлардың жоғала бастаған түрлері мен сирек кездесетіндерін қорғайтын генетикалық банк деуге де болады.

Зообақ бойынша жүргізілетін экскурсиялар тақырыптық және шолу түрінде болады деп күтілуде. «Мәселен, балаларға арналған «Мишаға қонаққа барғанда» атты тақырыптық экскурсия кезінде, - дейді биолог Юлия Павленко, - балаларға әр зообаққа келуші түскі ас мәзірімен танысатын «зообуфет» ұсынылатын болады.  Осы тұста «Зообақ  бойынша саяхат» және «Қанаттылар мен жүндестер» атты экскурсияларға тапсырыс беруге болатынын   айта кеткіміз келеді. Сондай-ақ, «Орман ертегісі» атты   театрландырылған қойылым көрсету де жоспарлануда. 

Сіздер музейлік ИНСТАГРАМ парақшасынан музей-қорықтың Солжағалық кешенінің зообағындағы жануарлар жайлы тың әрі қызықты деректер алып, жаңа туғандарға қандай ат берілгенін біле аласыздар. Зообақ дүйсенбіден басқа күндері күн сайын, сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі


                  

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …