Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта бұланның бодықасы пайда болды. Ол біржарым айлық. Оны Көкпекті ауданының Өміш асуынан жеткізген.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Орман және аңшылық шаруашылығын жедел қадағалау отряды» КММ басшысының орынбасары Василий Ткаченконың айтуына қарағанда, бұланды біреулер көлігімен тас жол бойында басып кеткен де, оның бодықасы тірі қалған көрінеді. Оны ағымдағы жылдың 5 мамыры күні тауып алып, Самарға жеткізген. Сол жерде арнайы күтім жасалынған ол соңынан зообаққа әкелінді. Зообақта оны сүтпен қоректендіріп, қоршаулардың біріне орналастырды. Қазір ветеринар мұқият қарап шыққан оған қамқорлық жасалуда.
Осы тұста қазір өлке фаунасы бөлімінде бұландар жоқ екенін атап өткен жөн. Сондықтан Өміштен жеткізілген бодықа зообақта жаңа бір жануар тұқымының таралуына негіз болары сөзсіз.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|