• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Музей-қорықта алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі өтті

Музей-қорықта алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі өтті

Музей-қорықтың халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері қазақтың ежелден келе жатқан алғашқы қымыздан ауыз тию дәстүріі – «Қымызмұрындық» мерекесін өткізді.  

Горький көшесі, 59 мекенжайында орналасқан киіз үй жанында, карантинге байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді. Мерекені аталған бөлімнің аға ғылыми қызметкері Гүлнар  Бекбердинова мен этнолог Мирхат Шәмшиев жүргізді.

Мерекені өткізудегі мақсат – қазақ халқының дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне, сонымен қатар ұлттық ас мәзіріне ден қойып, назар аудару. Әнші Қуаныш Оралбаев пен облыстық Достық үйінің «Ақбосаға» ансамблінің өкілдері мерекенің құрметті қонақтары болып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Мереке бата беру үрдісі көрсетілген театрландырылған қойылыммен басталды. Оны халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орындады. Атап айтқанда,  тостағандарға қымыз құйылмай тұрып, қазақ этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Болат Елікбай бата берген соң шашу шашылды.

Дәстүр бойынша қымыздан ауыз тигізетін мерекелік дастарқан жайылды.  Мерекеге жиналғандар түгелдей музей-қорықтың тарихи-археологиялық «Ақбауыр» кешенінің қызметкерлері Сағыр елді мекенінен әкелген қымыздан дәм татуға шақырылды. Бұл мамыр айындағы тіл үйіретін уыз қымыз және 3-4 күн ашытылған құнан қымыз еді.

Жалпы қалыптасқан дәстүр бойынша қымызмұрындық мерекесі кезінде бәйге ұйымдастырылып, әртүрлі жарыстар өткізіледі. Ал аталған іс-шараны  ұйымдастырушылар жылқыға, салт аттылар мәдениетіне қатысты сұрақтар қойылған «Сен қымыз жайлы не білесің?» атты викторина ұсынды. Онда бие сүтін пайдалану, қымызды дайындау әдісі және қымыздың атауларына қатысты білімділікті байқату талап етілді.

Викторина жеңімпаздары қымызбен марапатталды.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі


           

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …