• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Қалада дәл мұндай демалыс орны жоқ», - деген пікір айтты

Қалада дәл мұндай демалыс орны жоқ», - деген пікір айтты

Балаларды қорғау күнінде Солжағалаулық кешенге келуші

1 маусымда қала тұрғындары мен қонақтары балаларымен бірге Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту үшін Солжағалаулық кешен саябақтарына келді. Барлығы карантин ережелерін сақтауға тырысты. Музей-қорық қызметкерлері де бетперде киіп, ара қашықтықты бір-бірінен алшақ ұстады. Солжағалаулық кешенге облыстық мешіт жағынан кіре берісте тәрбие және бұқаралық жұмыс бөлімі қонақтарды мерекелік бағдарламамен қарсы алды.   Этноауыл алдындағы алаңда кешенге келушілерді қазақ этнографиясы, орыс этнографиясы, халықтар мен аз санды этнотоптардың этнографиясы бөлімдерінің қызметкерлері қарсы алды. Сонымен қатар, ересектер өз балаларын зообақтағы жануарлар және құстармен қарым-қатынаста болғызып, оларды қуанта алды.

Ал, мында музей-қорықтың өлке фаунасы бөлімінің қызметкері Юлия Павленко зообақ тұрғындарының немен қоректенетінін көрсетіп айтты және балаларға сүйікті жануарларының суретін салуды ұсынды. Бұл суреттер 2021 жылдың 1 маусымына дейін музейде сақталатын болады.

Мереке Солжағалаулық кешеннің барлық аумағында сезілді: музыка ойнап, саябақтар аллеясы қонақтарды өзінің жасыл және гүлді композицияларымен қуантты. «Білесіз бе, мен үшін қалада дәл мұндай демалыс орны жоқ, - деді келуші Ида Никулаева. – Мен мұнда балаларыммен келдім, біз өте разымыз. Қала тұрғындары үшін тырысып ынталанған музей-қорыққа үлкен рахмет. Мейрам құтты болсын!».  

Біз де қала тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз, зор денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Сергей Суров пен Алексей Мазницынның фотосуреттері

                              

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …