Солжағалық кешеннің Кіші павильонында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты көрме ашылады. Көрме ақын, ойшыл һәм сазгердің өмір жолы мен шығармашылығы, аудармашылық қызметі жайлы және қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрлерін жалғастырушы мұрагерлер туралы әңгімелейді.
Көрмеде Абайдың суреті бейнеленген кітаптар, суреттер және кәдесыйлық өнімдер қойылады. Девятовтың «Абай» картинасы, сондай-ақ, шығысқазақстандық суретші Болат Исиннің музей-қорықтың тапсырысымен Абай шығармалары желісінде салған живописьтік жұмыстары орын алмақ.
Абай еңбектері арасында XX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бас кезінде латын қарпінде жазылған өте сирек кездесетін және аса бағалы кітабы «Таңдамалы туындылары» (1936 ж.), сонымен қатар ұлы ойшылдың философиялық даналыққа толы, әлемге әйгілі «Қарасөздері» бар.
Осы жерде орын тепкен құран мен діни құралдар Абайдың исламға көзқарасы жайлы баяндайды. Ал ақынның аудармашылық қызметі орыс және шетел классиктерінің шығармалар жинақтарын аударуы арқылы ашыла түсіп, ол тәржімалаған дүниелер қазақ халқының мол игілігіне жарады.
Көрмеде Абайдың шәкірттері Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әсет Найманбаевтың, Төлеу Көбдіковтың, сондай-ақ, абайтанудың негізін салушылар Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың шығармаларына да кеңінен орын берілген.https://youtu.be/dDDJcZLvDKI
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|