Музей-қорықтамузей басшылығының«Дала арулары-Женщины степи» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Р.С. Жүсіповамен (Нұр-Сұлтан) айта қаларлықтай кездесуі болып өтті.
Р.С. Жүсіпова басшылық ететін қор жұмысы қазақстандық өнерді танымал етуге және насихаттауға, заманауи авторлардың, атап айтқанда, суретші-живописьшілердің, қолөнершілердіңшығармашылық мүмкіндіктерін молайтуға бағытталған. Қоғамдық қор басшысы сапарының мақсаты қазақстандық танымал суретші Амандос Ақанаевтың «Ұлы елдің тарандысы» атты көркем жоба барысында дүниеге келген жұмыстарын сыйға тарту мәселесін талқылау болды.
Роза Сейдуәлиқызының айтуынша, Амандос Ақанаев шығармашылығын зерделеу барысында оның назарын аударған нәрсе суретшінің тарихи тақырыптарға ден қоюы мен оны ашу жолдарын іздеуі болған екен.
«Тарихи тақырыпқа кез келген суретші бара бермейді, - деді ол. – Аталған тақырып терең ойлануды, негізділік пен заманауи адам одан туған халқының терең тарихын білетіндей шыншылдықты, қандай да бір нақты символдар арқылы тереңге тартқан тамырлардың желісін көрсете білу керектігін талап етеді.Амандос Ақанаевтың живописьтік мәнері мен шығармашылық тәсілінеоархаикалықдеуге болады. Қазақстанда нақ осындай мәнерменкөп суретші жұмыс істемейді».
Суретшінің картиналары өз бойына станоктық дәстүрлер мен монументальды пластиканы біріктіре алуымен ерекшеленеді.Шебердің түркі мәнерлері мен мифтерінтүйсіне білуіерекше жетістік деуге болады.
Аталған қордан музей-қорыққа Амандос Аканаевтың 17 авторлық жұмысы сыйға тартылмақ. «Ұлы елдің тарандысы» көрмелік жобасы 2003-2006 жылдары жүзеге асып,Нұр-Сұлтан, Алматы, Нью-Йорк сынды қалаларда табыспен көрсетілген болатын. Сонымен алда шығысқазақстандықтарды өзгеше әрі өте қызықты көрме күтіп тұр.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров
< Prev | Next > |
---|