• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Өзіміз шеберлерміз!

Өзіміз шеберлерміз!

2020 жылдың 13, 14 маусымында, демалыс күндері Өскемен қаласының қолөнершілері Солжағалық кешенге келушілер үшін шеберлік дәрістерін жалғастырды.

Мәселен, сенбі күні Людмила Кузнецова қап тігетін кәдімгі  кенептен үйде жайлылық орнататын әдемі үй әулиелерін жасау жолдарын көрсетті.

Жексенбі күні Наталья Баженова да қоға өру әдісін көрсетсе,  Алёна Кузьмина мен Флёра Камаева көріп, танысқысы келетін адамдарға  күдеріден білезік өрудің қыр-сырын үйретті. Орайы келгенде айта кетер нәрсе сол, бұл күндері Солжағалық кешендегі Шеберлер қалашығына  ересектер де, балалар да молынан келді. Әсіресе, балалар шеберлермен бірігіп істеген дүниелерге таңдай қағысып, тіпті, өздері де шеберлер сияқты еңбектенді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын


                                       

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …