2021 жылдың 29 сәуірінде этноауыл аумағында облыстық Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұжымы шырша екті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай этномәдени ұжымдар отыз көшет отырғызды. Достық үйі директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Равиль Юнусов атап өткендей, Өскеменде, Қазақстанның санаулы қалаларының бірінде, біздің республикамызды мекендейтін түрлі халықтың этнографиясы біріктірілген Этноауыл кешені бар. Музей-қорық Достық үйінің ұжымдарымен тұрақты түрде бірлескен жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан шырша көшеттерін отырғызу – музейге білдірілген символикалық алғыстардың бір парасы.
Солжағалық кешен аумағында жазға дайындық бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сенбіліктер өткізіледі, оған музей-қорық қызметкерлері де, кешенге келушілер де қатысады. Сенбілік кезінде гүлдер мен бұталар отырғызылады, орындықтар боялады, аумақтар санитарлық тұрғыдан тазаланады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Альпі төбешіктері жаңартылды, әскери техника ретке келтірілуде. Хайуанаттар бағында да қызу жұмыс жүріп жатыр. Солжағалық кешеннің бас әкімшісі Олег Николаевич Рояновтың айтуынша, кешен келушілерді қабылдауға дайын. Әрине, карантиндік шектеулер алынып тасталса.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|