1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта музей қызметкерлерінің 14 жасқа дейінгі балаларының суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Жер атты өз ғаламшарыңды қорғай біл» деп аталды. Өңір фаунасы бөлімінің биологы Юлия Павленко Малина Витаминовнаның ролінде ойнай жүріп, дәл осы кезде зообаққа келген барлық қатысушыларға қарындаштар топтамасын табыс етті.
Тура осы жерде Австралиядан әкелінген қонақ – бұйра тотықұспен, сондай-ақ, үй қояндарымен және егеуқұйрықтарпен кездесу болды. Малина Витаминовна жиналғандарға тотықұс пен басқа да жануарлар жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар ол балалар арасында шағын викторина өткізді. Осы күні зообаққа келген барлық балаға өздерінің сүйікті жануарлары мен құстарының суретін салу ұсынылды. Одан кейін «Жануарлар балалар көзімен-2021» атты суреттер көрмесі болды. Пандемияға қарамастан, бұл күні зообаққа келушілер саны аз болған жоқ, үлкендер балаларын ерте келіпті. Олардың барлығы да сақтандыру шараларын берік ұстанып, арнайы бетперде киіп, бір-бірімен арақашықтықты сақтай білді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|