2021 жылдың 23 шілдесінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фильм түсірілді. Түсірілім тобымен бірге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, танымал тележүргізуші Майя Бекбаева айтқандай, фильм Қазақстанның барлық өңірлерінде түсіріледі және ол республика аумағында өмір сүріп жатқан халықтар туралы баяндайтын болады. Біздің аймақтағы мұндай топтар татар және әзірбайжан диаспоралары болды. Облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының өкілдері Солжағалық кешеннің Этноауылындағы татар қоныс-үйінде татарлардың балмайн элементтері бар үйлену тойының рәсімін көрсетті. Сонымен қатар әзірбайжан қоныс-үйі де түсірілді. Түсірілім тобы үлкен қазақ киіз үйінде Алтын адамды түсірді. Түсірілім этноауыл аумағындағы Абай үйінде де жүргізілді. Жамбыл атындағы саябақ пен ондағы ұлы ақынға орнатылған ескерткіш те түсірілімге арқау болды.
Шығыс Қазақстанда дүниеге келген жерлесіміз Майя Бекбаева өзінің жоспарларымен де бөлісті. Фильм бес сериядан тұрады. Фильмге қатысты жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Prev | Next > |
---|