• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

*

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір нысаны болып табылатын Солжағалық кешенінде болды.

Музей-қорық директоры Тен Арсен Владимирович Солжағалық кешеннің этнографиялық аймағындағы  ашық аспан астында қанат жайған сәулет және тұрмыс музейімен, ботаникалық бақпен, хайуанаттар бағымен, әскери кешенмен, отбасымен демалу аймағымен және «Жібек жолы» экспозициясымен таныстырды.

Солжағалық кешендегі Шеберлер қаласына жас және дарынды қолөнер шеберлерін тарту мақсатында ШҚО ресурстық орталығымен бірлесіп халықтық және сәндік қолданбалы өнер туындыларының көрмелері, жәрмеңкелері, фестивальдары мен конкурстары ұйымдастырылып, шеберлік дәрістері мен тренингтер өткізілетіні баяндалды. Кездесу барысында музей-қорықтың Солжағалық кешенін одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бірлігіміз – әралуандылықта» қағидатына ерекше назар аударды. Ұлтаралық бірлікті сақтау және насихаттау біздің музей-қорық қызметінің басты бағыты болып табылады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …