• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Екі ел тел емген Ұлы Алтай! 2021

Екі ел тел емген Ұлы Алтай! 2021

30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында екі мемлекеттік университет негізінде «Ұлы Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтаистикалық форумы өтті. Ірі халықаралық ғылыми оқиға екі алаңда нақты және онлайн режимде әлемнің 9 елінен – Ресей, Венгрия, Моңғолия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 300-ге жуық ғалымды жинады. Шығыс Қазақстан музей-қорығынан форумға директордың экспозициялық көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина қатысты.

АлтМУ президенті, «Ұлы Алтай» алтаистика және түркітану орталығының жетекшісі, профессор Сергей Землюковтың айтуынша, екінші алтаистикалық форум он жылдық жұмыстың қорытындысы болды. «2011 жылдан бастап Алтай мемлекеттік университеті Орталық Азия, Ұлы Алтай университеттерімен ынтымақтастық бағытын таңдаған. 2019 жылдан бастап АлтМУ-да «Ұлы Алтай» алтаистика және түркітану орталығы жұмыс істейді, онда халықаралық ғылыми ынтымақтастық, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобалары үшін берік негіз қаланған», - деп атап өтті Сергей Землюков. 

Ғалымдардың форумдағы баяндамалары түркі-моңғол әлемінің ерте орта ғасырлардан қазіргі уақытқа дейінгі түрлі тарихи кезеңдеріндегі археология, дәстүрлер, фольклор, демография мәселелеріне арналды.

Әлемге әйгілі 20-ға жуық ғалым баяндама жасады. Олардың ішінде РҒА академигі, РҒА СБ археология және этнография институтының ғылыми жетекшісі, «Ұлы Алтай» алтаистика және түркітану ҒБО халықаралық сараптамалық кеңесінің төрағасы Анатолий Деревянко, РҒА Ресей тарихы институтының Ресей халықтары тарихы және этносаралық қатынастар орталығының жетекшісі Вадим Трепавлов, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Абылбек Асанканов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтының директоры Зиябек Кабульдинов, Томск мемлекеттік университетінің профессоры Людмила Шерстова және басқалар қатысты.

Форумда жақында ғана аяқталған «Ұлы Алтай: Ресей – Қырғызстан, 2021» этнографиялық экспедициясының нәтижелері ұсынылды. Қырғызстан мен Ресейдің 12 жоғары оқу орны мен ғылыми мекемелерінен келген 20 этнограф екі апта ішінде 2000 шақырым жолды өткен, олар Ыстықкөл мен Нарын облысының 10 елді мекенінде болып, болашақ монография үшін материал жинады.

Форумда «Ұлы Алтай – түркілердің арғы тегі» виртуалды музейінің тұсаукесері үлкен қызығушылық тудырды. Алтай мемлекеттік университетінің археология және этнография музейінің директоры Ярослав Фроловтың айтуынша, «Ұлын Алтай» алтаистика және түркітану орталығының осы жобасы музеологиялық, археологиялық және виртуалды құрастырушыны біріктіреді, әртүрлі музейлерден түркілердің мәдениеті туралы барлық материалдар жиналатын каталог ретінде көрсетіледі.

Горно-Алтайск мемлекеттік университетінде ГАМУ мен Пазырық қорымындағы мемлекеттік Эрмитаж ғалымдарының археологиялық экспедициялардың нәтижелері жөніндегі баяндамалары тыңдалды, Түркі мәдениеттері фестивалін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.   

Форумға бірауыздан қабылданған қарарда оның қатысушылары мен ұйымдастырушыларына «Ұлы Алтай» алтаистика және түркітану орталығы аясында ірі ғылыми жобаларды жалғастыру, Ұлы Алтай елдері мәдениеттерінің өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін әзірлеу, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыру, дипломдарды өзара тану үшін халықаралық білім беру форматтарын әзірлеу қажеттігі атап айтылды.

Форумға  Өскемендегі С. Аманжолов атындағы және Д. Серікбаев атындағы облыстық университеттердің өкілдері де қатысқандығын айта кеткен жөн.

- Форумға қатысу өте танымды және пайдалы болды. Біз Ресейдің әртүрлі қалалары мен бұрынғы одақтас республикалардың көрнекті ғалымдарымен тілдестік. Бұл болашақта біздің жұмысымызға пайдасы тиетіндігіне сенімдімін, - деп атап өтті Евгения Юрьевна. 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фотосурет Е. Рахматулинаныкі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …