2021 жылдың 29 қазанында, 3-4 қарашасында мұражай-қорықтың ақпараттық білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева мен бөлім маманы А.А. Асыл «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында Глубокое ауданының Алтайск кентінің орта мектебінің 6 сынып оқушыларына; № 38 орта мектептің 11 сынып оқушыларына, Абай атындағы ШҚ Гуманитарлық колледж студенттеріне «ІІІ Александр. Император және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді.
Экскурсия императордың 175 жылдығына арнап Орыс музейі дайындаған көрме бойынша өтті, экскурсия барысында 300-ден астам туынды негізіне сүйене отырып, императордың жеке басы мен қызметі туралы айтылды. Басты назар ІІІ Александрдың коллекционерлігіне, августиндердің өз шығармашылығына, сондай-ақ, «орыс стилін» қолданбалы өнер мен сәулет саласында таратуға бағытталған.
< Prev | Next > |
---|