2021 жылғы 19 қарашада «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш. Кәрібаева мен маман О.М. Байғонысова Өскемен қаласындағы № 26 орта мектептің 7 сынып оқушыларына «ІІІ Александр. Патша және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді. Оған ұзынсаны 36 адам қатысты.
Экскурсия патшаның туғанына 175 жыл толуына орай Мемлекеттік Орыс музейі дайындаған көрме бойынша өтті, оның барысында 300-ден астам шығармаға негіз болған орыс патшасының жеке басы мен қызметі туралы айтылды. Басты назар ІІІ Александр туралы деректерді жинастырудағы коллекционерлердің қызығушылығына, августиндердің шығармашылығына, сондай-ақ, қолданбалы өнер мен сәулетте «орыс стилін» таратуға бағытталған.
< Prev | Next > |
---|