• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетімен серіктес ынтымақтастық. 2022

Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетімен серіктес ынтымақтастық. 2022

Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығы 2022 жылдың 22 наурызында Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетінде өткен "Үлкен Алтайдың түркі тілдес халықтарының этникалық тарихы мен этнографиясы" атты түркітанушы-жас ғалымдардың Халықаралық мектебінің «Үлкен Алтай: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әралуандылық" атты V ғылыми-ағарту сессиясына қатысты.

Ғылыми-ағарту сессиясы офлайн және онлайн форматында өтті. Музей-қорықтан онлайн форматындағы сессияға сирек кітаптар және  иконажазу ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісінің м.а. О.Н. Осерчева қатысты. Сессияға сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстанның әріптес жоғары оқу орындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 75 адамды құрады (офлайн – 30 адам, онлайн – 45 адам).

Заң ғылымдарының докторы, профессор, "Үлкен Алтай" алтаистика және түркітану ҒАО директоры, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Валентинович Землюков  (Барнаул, Ресей Федерациясы) құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылар назарына эксперттердің, атап айтқанда, Ресейдің ғылыми мектептері мен басқа да шетелдік мектептер өкілдерінің этнография мен түркология мәселелеріне арналған дәрістері ұсынылды. Тарих ғылымдарының докторы, Томск мемлекеттік университетінің (Томск, Ресей Федерациясы) профессоры Людмила Ивановна Шерстова;  тарих ғылымдарының кандидаты, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің этнология, антропология, археология және музеология кафедрасының доценті Александр Геннадьевич Селезнев (Омбы, Ресей Федерациясы), тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Альбина Советқызы Жанбосынова (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы); тарих ғылымдарының докторы, РҒА СБ археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Вячеславовна Октябрьская (Новосибирск, Ресей Федерациясы); тарих ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің МАЭА директоры Ярослав Владимирович Фролов (Барнаул, Ресей Федерациясы) баяндама жасады

Сессия барысында этнологиямен және антропологиямен бірге халықты  зерттеудің негізгі кезеңдерін, олардың табиғатпен, бір-бірімен және қоғаммен қарым-қатынасын құрайтын "этнография" терминінің ғылыми анықтамасы айтылды. Екілік (бинарлы) оппозиция ретінде қоғам дамуының Шығыс және Батыс модельдері қарастырылды, соған байланысты негізгі ой айтылды: біз әр түрліміз, бірақ бізді жақындастыратын ортақ нәрсені табуымыз керек. Модельдер жиынтығы адамның даму коды туралы түсінік береді. Мемлекеттің полиэтностығы оның дамуын қамтамасыз етеді деген ойлар түйінделді.

Қазақстанда этнографияның қалыптасуы мен дамуы ХХ ғасырда пайда болған ғылым ретінде қазір түркі әлемімен әріптестік ынтымақтастықты қажет етеді.

Қатысушыларға жаңа технологияларды пайдалана отырып, этнографияны зерттеудің әдістемесі мен әдістері көрсетілді.

Ғылыми-ағарту сессиясы жас ғалымның заманауи ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту бойынша өткізген шеберлік дәрістерімен аяқталды, ол ғалымдардың қызметін барынша кең аудиторияға жеткізу стратегиясын ұстанады. Биология ғылымдарының докторы, профессор, Алтай мемлекеттік университетінің зоология және физиология кафедрасының меңгерушісі  Александр Владимирович  Мацюра (Барнаул, Ресей Федерациясы) спикер ретінде сөз сөйледі.

Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығы студенттер, ғалымдар, түрлі білім беру мекемелерінің, музейлер мен басқа да мәдениет мекемелерінің мамандары үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын Халықаралық жас ғалымдар мектебінің V ғылыми-ағарту сессиясын ұйымдастырушыларға алғыс   айтады.

 

Из презентации Октябрьской И.В. Традиционная культура и место ее в научном мире


Из презентации Фролова Я.В.  Большой Алтай - прародина тюрков


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …