Жыл сайын 22 наурызда әлем бойынша дүниежүзілік су ресурстары күні аталып өтіледі. Оны өткізу идеясы алғаш рет 1992 жылы БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциясында айтылған болатын. Содан бері нақ осы күні бүкіл әлемде судың ластану проблемасына қоғам назарын аудару бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.
25 наурыз күні Солжағалық кешен аумағында өлке фаунасы бөлімінің биологы Ю. Павленко дүниежүзілік Су күніне арналған акция ұйымдастырды. Акцияға саябаққа келушілер, ересектер мен балалар және қала қонақтары, жалпы 30-дан астам адам қатысты.
Дүниежүзілік су күнін атап өту барысында біз су ресурстарының қоршаған орта мен қоғамның дамуы үшін өте маңызды екенін адамзат атаулының есіне сала отырып, таза су тіршілік көзі және табиғаттың баға жетпес сыйы екенін мәлімдейміз. Солжағалық кешенге келген қонақтар, атап айтқанда, «су» акциясына қатысушылар сыйлықтарға ие болды.
< Prev | Next > |
---|