• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Ұлытаудан Ақтауға дейін Өскемен арқылы. Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу. 2022

Ұлытаудан Ақтауға дейін Өскемен арқылы. Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу. 2022

2022 жылдың 6 маусымы күні музей-қорықта Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру шебері, осы жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аумағының мыңдаған шақырымын еңсеріп, еліміздің 10 қаласына табан тіреген Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу өтті. Жиһанкездің мақсаты – еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыру, қолөнершілік кәсіпті дамыту. Кездесуге заманауи сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, "Білім инновация" лицейінің оқушылары шақырылды, олар саяхатшының бағыт-бағдары, Отанымыздың қалалары мен елді мекендері тұрғындарымен кездесулері және осынау бір қызық тағдырлы адамның өмірбаяны туралы сұрақтарға жауап алды.
Қадірменді ақсақал құрметіне ежелден келе жатқан ұлттық һәм алғашқы қымыз мерекесі – "Қымызмұрындық" өткізілді. Мерекеге қатысушылардың барлығы Сағыр ауылында дайындалған қымыздан дәм татты. "Атамұра" және "Қазына" ансамбльдерінің өкілдері сазды сәлем жолдады.
Қадірменді қонақ құрметіне музей-қорық нысандары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Суретті түсірген А. Утеулинова
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …