Халықаралық ынтымақтастық аясында 2022 жылдың 18 маусымында музей-қорықтың Ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, А. Амангелді ҚР-дағы Үндістан елшілігінің С.Вивекананда мәдени орталығымен бірлесіп Қасым Қайсенов атындағы саябақта Халықаралық йога күнін өткізді.
Йога әуесқойлары мен Өскемен қаласының тұрғындары мереке және сыйлықтар үшін Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігі жанындағы С.Вивекананда мәдени орталығына, сондай-ақ, біздің музей-қорығымызға да іс-шараны өткізіп, ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Дилип мырзаға керемет сыйлықтар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
< Prev | Next > |
---|