2022 жылдың 26 қыркүйегінде ШҚО музей-қорығы ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш.М. Карибаева мен А. Амангелды Санкт-Петербург (Ресей) мемлекеттік орыс музейімен ынтымақтастық және серіктестік аясында Өскемен қаласындағы «Орыс музейі: виртуалды филиалының» 15 жылдығына арналған халықаралық телекөпір ұйымдастырып, өткізді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан этнографиялық музей-қорығы базасында Ресей музейінің виртуалды филиалы Қазақстандағы бірегей болып табылады. «Орыс музейі: виртуалды филиал» жобасы бойынша біздің музейлердің ынтымақтастығы Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, әлемнің 30-дан астам елдерімен – осы іс-шараға қатысушылармен толеранттылықты дамытуға және мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ауқымды халықаралық жоба.
Іс-шараға Орыс музейі бас директорының музей құндылықтарын есепке алу, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі орынбасары О.А. Бабина, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі бас консулы А.М. Бейкутов, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смит, директордың көрме және экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мәдениет, білім беру мекемелері мен Петропавл, Көкшетау, Атырау қалаларындағы музейлерінің, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың басшылары қатысты.
< Prev | Next > |
---|