ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының орта мектеп оқушыларына арналған "Масленица көктемді еріп келеді" атты театрландырылған танымдық іс-шара өткізеді. Мереке Масленица апталығында өтетін халықтық мерекелердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қамтиды. Залдың дизайны іс-шараның тақырыбына сай келеді, мұнда музей-қорықта мұқият сақталған жәдігерлер қойылған.Театрландырылған іс-шараның басты кейіпкерлері – отана Люкерья, Кузьмич ата, сондай-ақ, Масленицаның басты символын сиқырлы дайындау нәтижесінде өмірге келген Құймақ балалармен қызықты ойын-күлкілер, аңыздар, мақал-мәтелдер түрінде ақпаратпен бөліседі. Құймақ жайындағы хороводтар, өлеңдер, халық ойындары мен частушкалар нағыз көпшілік мерекелердің ауанын жасайды. Іс-шара екі апта бойы өтеді, осы уақытта мерекеге 300-ден астам бала қатысады.
< Prev | Next > |
---|