4 сәуірде ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмысы бөлімінің әдіскері Овчинникованың Е.С. дайындаған зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан арнайы кітапханасының қызметкерлері мен келушілері үшін "ШҚО халықтарының этнографиялық мұрасы" атты іс-шара өтті. Онда музей қорынан алынған жәдігерлер, атап айтқанда, музыкалық аспаптар, қайың қабығынан жасалған ыдыс-аяқ, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқыма бұйымдары ұсынылды. Кездесуге қатысушылар біздің аймақта тұратын халықтың өмірінен алынған қызықты фактілер мен ерекше дәстүрлер туралы білді: мысалы, неміс қыздары тұрмысқа шыққанда ақ емес, қара көйлектер кисе, ал марийліктер жат ғаламшардағы адамдардың шығу тегіне сенеді. Іс-шара жанымызда жүрген адамдардың дәстүрі жайлы терең мағлұмат алуға мүмкіндік бергені үшін жақсы пікірлер мен жарқын ой қалыптастырды.
< Prev | Next > |
---|