Солжағалық кешендегі саябақта этнографиялық музей-қорық қызметкерлері дайындаған қала тұрғындары үшін мереке қуанышты әрі ұмытылмастай болды. Таңертең барлық орындарда балалар музыкасы естілді, қазақ және орыс этнографиясының қызметкерлері, АЭТ осында халық ойындарын өрбітті, экскурсия жүргізушілер қызықты вагондарда экскурсияларды оқыды, барлық павильондарда ұлттық әуендер келушілерді қуантты. Хайуанаттар бағы қызметкерлері дайындаған жыл сайынғы «Табиғат және фауна» тақырыбындағы балалар суреттерінің байқауы сәтті өтті. Ағарту және каөпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Әнші қала» вокалдық байқауы Өскемен қаласының кішкентай тұрғындары үшін есігін айқара ашты. «Ертіс концерт» ұйымының кәсіби музыканттары, Vita дүкенінің демеушілерінің сыйлықтары, көңілді сайқымазақтар, «№19 ЖББОМ» КММ-нің шығармашылық ұжымдары, ризашылықпен келген көрермендер, ең бастысы кішкентай қатысушылардың өздері іс-шараның ашылуын нағыз мерекеге айналдырды. Сайқымазақтар Тёпа мен Растёпа балалармен және олардың ата-аналарымен бірге саябақта шыбын-шіркейлерді ұстап, ертегілер сайыстарын өткізді.
Этноауыл сахнасында жиналған қатысушылар арасында мейірімділік пен өзара түсіністік аурасы орын алды. Қатаң қазылар алқасы қойған ұпайларына түсініктеме беріп, қатысушылардың сыйы ретінде – әр қатысушыны жартылай финалға шығарды. Балаларды қорғау күні ойдағыдай өтті, саябаққа келгендердің бәрі бүгін өздерін мұнда қонақ ретінде сезінді.
< Prev | Next > |
---|