• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Әлем елдері бойынша жаңажылдық саяхат. 2012

Әлем елдері бойынша жаңажылдық саяхат. 2012

Рождество күндері мұражай-қорықтың  «Жастар» саябағында ашық аспан астындағы экспозицияда №№ 3, 8 мектептердің оқушылары үшін «Әлем елдері бойынша жаңажылдық саяхат» атты театрландырылған рождестволық экскурсиялар өткізілді. Экскурсияны Аяз Ата мен Ақшақар қыз жүргізді. Осы жерде балалар ғажап оқиғаларға тап болды. Өйткені біздің өлкемізде тұратын халықтардың жаңажылдық кейіпкерлері бір жерге бас қосқан екен.

Әрбір кейіпкер өз халқының Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы әңгімелеп қана қойған жоқ, сонымен қатар әдет-ғұрыптарымен таныстырып, ойындар өткізді. Мәселен, славян халықтарында балалар  хороводқа қосылып, ән шырқаған, қар лақтырып ойнаған. Белорустардың аяз құдайы Зюзя  балаларды сақылдаған сары аязбен қарсы алып,  адамдар кезінде оның көңілін қалай аулағандары жайында сыр шертті, «Заморозка» ойынын өткізді.
Татар үйінің алдында қонақтарды татар костюмін киген экскурсовод қарсы алып, өзінің кейіпкері – шекесінде мүйізі бар және денесін жүн басқан ұзын тырнақты Шурале туралы әңгімелеп берді. Балалар, сондай-ақ неміс балаларының ұйқыға жатар алдында ең көрнекті жерге шұлықтарын іліп қоятыны және Санта Клаустың түнде соларға сыйлықтар салатыны жайында білді.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …