• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Масленица – сауық-сайран аптасы. 2012

Масленица – сауық-сайран аптасы. 2012

2012 жылғы 20-27 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) «Масленица – сауық-сайран аптасы» іс-шарасы өткізілді.

Масленица – бұл пұтқа табынушылық заманынан келе жатқан ежелгі мереке. Бір кездері осы оқиға көктемгі күн мен түннің теңесуіне орайластырылатын еді. Христиан шіркеуі орыс халқының дәстүрлеріне қайшы келмес үшін Масленица мерекесін сақтап қалды да оған басқа мағына берді.

Қазірде бұл Ұлы ораза қарсаңындағы көңіл көтеру аптасы болып табылады. Мереке басталатын нақты күн белгіленбеген, өйткені оның басы Ұлы ораза басталатын күнге байланысты. Биыл Масленица ақпанның 20 – 27 аралығында мерекеленеді. Масленица дегеніміз бұл ең халықтық, ең қызу өтетін және барша қатысатын мереке. Масленицаның әрбір күнінің өз атауы, мерекеленуінің өзіндік дәстүрі бар.

«Масленица – сауық-сайран аптасы» іс-шарасы төменгі сынып оқушылары үшін өткізілді. Ол – Корытиха, Федул, Қыс және Масленица сияқты кейіпкерлері бар театрландырылған іс-шара. Кейіпкерлер балаларды масленицалық әдет-ғұрыптармен таныстырып, ойындар өткізеді, хороводтар жүргізді. Қойылымда Масленица қарақшысы мен мұражай-қорық қорындағы жәдігерлер пайдаланылды. Мереке соңында балаларға жұқа құймақтан дәм татқызылды.

Масленица табиғат құбылысындағы елеулі белес, атап айтқанда – көктемнің тіршілік күшінің қысты жеңуі атап өтілетін шын мәніндегі ең сүйікті де халықтық мереке болып табылады, өйткені адам өзін ешқашан табиғаттан бөліп көрмеген.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …