13 маусым күні «Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэріне қатысушылар шеберлік дәрістерін өткізді.
Оған дейін облыстық өнер музейінде пленэрдің қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Ол музейге қойылған тамаша жұмыстары үшін әр елден келген суретшілерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді. «Біз мұндай пленэрлерді жалғастыратын боламыз, - деді аймақ басшысы. Жобаға қатысушыларға ескерткіш жүлделер тапсырылды.
«Жастар» саябағында мерекелік көңіл-күй салтанат құрды. Музей-қорықтың мұрындық болуымен сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме-жәрмеңке өтті. Орталық алаңға жиналған көрермендер пленэр кураторы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, алматылық Есенғали Садырбаевтың, Татарстан Республикасы жас суретшілер шығармашылығы бірлестігінің жетекшісі Ильнура Сиразиеваның, Грузиядан келген Марина Хачатурованың, Семейден келген ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тілеуғазы Жұбанышевтың кескіндемелік туындылары қалай жасалатынын көріп-білді. Ал музей-қорықтың әкімшілік ғимараты жанында Қырғызстаннан келген суретші-монументалист Момунбек Ақматқұлов балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік дәрістерін өткізді. Момунбек Астарқұлұлы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай пленэрлердің суретшілер үшін маңызы ерекше екенін айтып өтті. «Бұл қуаныштың барлығы соларға арналған, олардың демеуі мен бір-бірімен араласа білуіне жол ашады, - деді халықаралық «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушы ақтарыла әңгімелеп.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Предыдущая | Следующая > |
---|