Поляк үйінің тұсаукесері

2011 жылғы 17 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы поляк қонысының тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесерге Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы елшілігінің ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

2011 жылғы 17 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы поляк қонысының тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесерге Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы елшілігінің ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы елшілігінің ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса «Польша халықтық сәулетшілігінің» 50-ден астам фотосуреттерін, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, кәдесыйларды мұражай-қорыққа сыйлады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы поляк қонысы «байланыссыз құрылыстары бар аула» түрінде берілген:

- Жалпы алаңы 652 ш.м.

- Тұрғын алаңы 114 ш.м.

Үй – бөренелерден өрілген шеген, бұрышы «қарлығаш құйрығындай» етіп шығарылған. Шеген табиғи тастан қаланған таспа іргетастың үстіне тұрғызылған. Шатыры жабынқышты, жартылай шатыржалды. Үйге негізінен кіреберіс (крыльцо) арқылы кіреді. Бас кіреберістен басқа қосымша – аула жақтан кіретін есік те бар.

Ғимарат 3 тұрғын үйжайдан, асүйден, қоймадан және екі сенектен тұрады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері поляк үйінің тұсаукесерінде. 17.05.2011 ж.

 

 

Мұражай-қорық қонақтары Салтанаттар үйіне – қонақтық үлкен киіз үйге (диаметрі – 16 м.) бет алып келеді. Солдан оңға қарай: Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцев, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ШҚО этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы әңгімелеп тұр. Мұражай-қорықтың этнографиялық кешенінің «басты көшесінде». 17.05.2011 ж. Алдыңғы қатарда солдан оңға қарай: облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,.Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцев.

 

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды қарсы алуда. 17.05.2011 ж

 

 

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды қарсы алуда. 17.05.2011 ж

 

Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски сөз сөйлеуде. Әншілер поляктің «Шла девечка по лесечка» әнін қазақ тілінде орындауда. 17.05.2011 ж.

 

Поляк қонысында. 17.05.2011 ж. Артқы жағында ҚР-дағы Польша елшілігінің мұражай-қорыққа берген «Польшаның халықтық сәулетшілігі» фотосуреттері.назарға ұсынылған. Пікірлер кітабында естелік жазба қалдыру. 17.05.2011 ж.

 

 

ҚР-дағы Польша Республикасы елшілігінің 2011 жылғы 17 мамырда сыйлаған бұйымдары




Қасиетті Барбара – аңшылардың қамқоршысы. 2002 ж.


«Періште» кәдесыйы.


Бақташыларға арналған сыбызғысы бар «Перінің скрипкасы» кәдесыйы


Рождестволық шыршаға арналған ойыншық


Гүлшоқ. Поляктардың діни мерекелерінде пайдаланылған.


Себет

Тарелке. Фарфор, қолдан айшықтау

Екі жақты құмыра Кашуб керамикасы 2010 ж.

Жбанек – құмыра Кацуб керамикасы

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …