• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
бөлімдер ШҚО халықтары және азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімі
ШҚО халықтары және азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған… 2015

Эмблема 20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...2015 жылғы 17 наурызда ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарыныңэтнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына арналған«Біз -  Қазақстан халқымыз»тақырыбындағы мини көрме бойынша лекция өткізді.Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған бұйымдар: Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәденитін сипаттайтын маталар, кәдесыйлар көрсетілді.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... "Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан"-2015 акциясы

20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...550-летию становления казахской государственности посвящается...ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында 2015 жылғы 16 және 17 наурызда № 5 орта мектеп пен «Ульбиночка»  бала бақшасында «Наурыз Қазақстан мен Орта Азияда» деген лекция-көрме өткізді.

 

 

 

 

«Наурыз в Казахстане и Средней Азии» в школе № 5

Акция «Наш общий дом Казахстан»

 

 

«Наурыз в Казахстане и Средней Азии» в детском саду «Ульбиночка»

Акция «Наш общий дом Казахстан»

 

 

«Наурыз в Казахстане и Средней Азии» в детском саду «Ульбиночка»

Акция «Наш общий дом Казахстан»

 

«Наурыз в Казахстане и Средней Азии» в школе № 5

Акция «Наш общий дом Казахстан»

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында...Еврей халқының мәдени мұрасы. 2015

Год Ассамблеи народа Казахстана

«Еврей халқының мәдени мұрасы» жылжымалы қайырымдылық көрмесі (мұражай-қорық қорынан), Облыстық Достық Үйі, 5.03.2015 ж.

Еврейлердің Пурим мерекесіне арналған көрмені АЭТ бөлімінің маманы Т.Е.Свахина ұйымдастырды. Көрмеге мұражай-қорықтың қорынан алынған, ШҚО еврейлерінің материалдық және рухани мәдениетін ашып көрсететін 9 бұйым: дәстүрлі бас киімдер, майлықтар, ханукалық майшамдар, кітаптар мен басқа да заттар қойылды. Көрме бойынша ШҚО еврейлерінің мәдениеті жөнінде лекция өткізілді.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында... ШҚО халықтарының этнографиясы күні. 2015

Год Ассамблеи народа Казахстана2015 жылғы 5 наурызда азсанды этникалық топтар бөлімі Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы аясында Қазақстан-Ресей гимназиясында «ШҚО халықтарының этнографиясы күні» тақырыбына жылжымалы көрмесі бар лекция ұйымдастырды.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында... 2015 02 05

Фото - Культурное наследие азербайджанского и еврейского народовФото - Культурное наследие азербайджанского и еврейского народов

2015 жылы 5 ақпанда А.С.Пушкин атындағы кітапханада Өлкетану оқулары болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында   АЭТ бөлімінің төмендегі қызметкерлері баяндама дайындап, оқыды: М.А.Солонец Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына орай «Азериге – 20 жыл»; Т.Е.Свахина «Еврей этномәдени бірлестігіне 20 жыл». АЭТ бөлімінің қызметкерлері  мұражай-қорықтың қорынан «Әзірбайжан және еврей халықтарының мәдени мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.  Көрме бойынша лекция-экскурсиялар өткізілді.

 

Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің сыйы

2011 жылғы 30 қазанда мұражай-қорықта Польша Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы елшілігінің ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса болып қайтты. Сол күні мұражай-қорық қонақтары Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің көмегімен ұйымдастырылған «Қазақстан. Кеше мен бүгін» атты көрменің ашылуына қатысты.

 

«Роза-рамзан» - ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі

2011 жылдың 1 қыркүйегінде Өскемен қаласында Солжағалық кешеннің этноауылындағы ұйғыр қонысында мұражай-қорықтың қызметкері Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназияның 9 А-сыныбының оқушылары үшін «Роза-рамзан» -  ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі» атты лекция оқыды.

Лекция барысында азсанды этнотоп  бөлімінің маманы Іңкәр Баубаева келушілерді Қазақстанда тұратын ұйғыр халқының мәдениеті, тұрмысы және салт-дәстүрі жайындағы мәліметтермен таныстырды, оған оқушылар ерекше қызығушылық танытты.

 

Беларусь Республикасынан келген делегациямен кездесу

2011 жылғы 4 тамызда облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының Солжағалық кешенінде Беларусь Республикасынан келген делегация болып қайтты, олар Шығыс Қазақстанның оқу орындарымен танысу мақсатымен келген екен.

 

«Азери» шығармашылық концерті

Ағымдағы жылдың 31 шілде күні, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы этноауылының алаңында,  «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігі  шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы өтті. Концерттагі  әзірбайжан биі мен әнін тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Әсем ұлттық киімдермен өз өнерлерін көрсеткен жас өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы Елшілігінің мәдени орталығынан сыйлықтар

Корей Республикасының туы
Пук – барабан

Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы Елшілігінің мәдени орталығы мұражай-қорыққа бағалы сыйлықтар берді, оны мәдени орталықтың директоры Хан Сун Рэ мырза өзі табыс етті. Сыйға берілген заттардың ішінде: Оңтүстік Кореяның мемлекеттік туы, музыкалық аспаптар - 8 дана, 3 би желпуіші және «Корея: чудо без чудес» кітабы - 73 дана.

 

Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешеніндегі Шавуот

Еврейлер жыл сайын 6 сиванда Шавуот мерекесін тойлайды. Еврей күнтізбесінің грегориандық күнтізбемен сәйкес келмейтіні белгілі. Биыл мереке 8 маусымға сәйкес келеді. мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық мұражай аумағында 16 мамырда Шавуот өткізілді.

 

Поляк үйінің тұсаукесері

2011 жылғы 17 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы поляк қонысының тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесерге Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы елшілігінің ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

 

Біз – Қазақстан халқымыз

2011 жылғы 16 наурызда Қасым Қайсенов көшесіндегі мұражай-қорық ғимаратының көрме залында «Бизнес және құқық» колледжінің 1 – 2 курс студенттеріне арналған «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экскурсия және «Новруз байрам» тақырыбында лекция өткізілді.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …