|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Орыс музейі: 120 жылғы тарих. 2018
   
2018 жылдың 07 қазанында ақпараттық білім беру бөлімінің мамандары әскери бөлімнің № 5518 әскери қызметкерлеріне арнап «Орыс музейі: 120 жылғы тарих» атты виртуалды экскурсия жүргізді.
Бөлімнің мамандарымен бірлесе отырып, әскери қызметкерлер Санкт-Петербург қаласына және мемлекеттік Орыс музейінің залдарында болды. Олар музейдің тарихын фотосуреттер арқылы таныстырды. Негізгі назар залдағы тарихи және батальды суретке аударылған. «Вход в картину» бағдарламасы қызуғушылық танытты.
|
Мемлекеттік Орыс музейінің залдарына саяхат. 2018
 
2018 жылдың 04 қазанында Халықаралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында «ақпараттық білім беру» бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Герсимовка ауылының ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арналған «Мемлекеттік Орыс музейінің залдарына саяхат» атты виртуалды экскурсиясын жүргізді.
Шығыс жекпежектері күні – салауатты өмір салтына шақыру. 2018
 
Музей-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімі Солжағалық кешеннің Үлкен сахнасында Шығыс жекпежектері күнін өткізді.
Ұлы Жібек жолының бойын және оған таяу жерді мекендеген халықтар әлемге жекпежектердің сан түрлерін сыйлаған болатын, солардың бірқатары біздің қаламызда назарға ұсынылды. Жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері шығыс жекпежектері күні кезінде өз өнерлерін көрсеткен болатын.
Музей-қорыққа - 50 жыл! 2018


Музей-қорық өзінің 50 жылдығын атап өтті. Осы мерейтойға арналған салтанат "Ертіс концерт" мәдениет үйінде өткен болатын.
1968 жылы Бутаково селосында мектеп музейі ашылды, осы уақыттан бері музей-қорықтың үлкен жолының кезеңдері басталды. Бұл музей-қорық Қазақстан Республикасындағы жетекші музейлердің бірі болып табылады. "Ертіс концерт" мәдениет үйіне жиналғандардың барлығын ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басашысының орынбасары Мирас Жұмағұлов құттықтады, ол өз сөзінде мұның облыс мәдениеті саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.
Шығыс жекпе-жектері күні. 2018


29 қыркүйекте музей-қорық шығыс жекпе-жектері күнін өткізеді. Бұл Ұлы жібек жолы бойын мекендеген және әлемге күрестің сан түрлерін сыйлаған халықтардың дәстүрлерін жалғастыру болмақ. Олардың арасында – Қытайдан бізге жеткен у-шу мен каратэ, Үндістаннан келген – кушти, ұлттық қазақ күресі және басқа да көптеген түрлері бар.
Іс-шараны ұйымдастырушы, ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің этнологы Станислав Цукуренконың пікірі бойынша іс-шара өткізудегі мақсат – шығыс жекпе-жектерін адамның үйлесімді даму жүйесі ретінде танымал ету және жастарды салауатты өмір салтына тарту болып табылады.
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы. 2018


2018 жылғы 20 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында О.Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқау танымал жазушы-жерлесіміз Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Байқауға қалалық мектеп оқушылары, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Елімнің ертеңіне сенемін. 2018


«Елімнің ертеңіне сенемін» атты көрме жазушы-жерлестеріміз Қасым Кайсеновтің 100 жылдығына, Әубәкір Нілібаевтің 90 жылдығына және Еркін Нұразханның 65 жылдығына арналған.
Көрме мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Көрмеде музей-қорықтың қор коллекциясындағы жазушылардың кітаптары, мемориалдық заттары, кескіндемелік және графикалық туындылары ұсынылған.
Фотоға түсірген: А.А.Мазницын
«Менің Анам Фархинұр Мұхамедханова. Моя Мама Фархинур Мухамедханова». 2018

2018 жылғы 29 тамызда Конституция және Отбасы күндеріне орай Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Менің Анам Фархинұр Мұхамедханова. Моя Мама Фархинур Мухамедханова» және «Ел тарихы адамдар тағдырында. История страны в судьбах людей» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шара әйгілі абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың жұбайы Фархинұр Мұхамедханованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Іс-шара Қайым Мұхамедханов пен Фархинұр Мұхамедханованың ескерткіштеріне гүл қойып, рухтарына тағзым етуден басталды. Ескерткіш алдында студенттер татар ақыны Ғ.Тоқайдың Қ.Мұхамедханов қазақ тіліне аударған өлеңдерінен және Қ.Мұхамедхановқа арналған өлеңдерден үзінділер оқылды.
Дәріс: «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Біздің құқығымыз және міндетіміз». 2018


2018 жылғы 27 тамызда сағат 11.00 музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының №5518 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында виртуалды іс-шара өткізді. Өткізілген іс-шараға 180 адам қатысты.
Әуе батпырауықтарының еркін ұшуы. 2018


Комсомол аралында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында «Еркін ұшу 2018» әуе батпырауықтарының екінші фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар - халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері.
Жастар экологиялық кешенінің орталық алаңында өткен фестиваль жиналған қала тұрғындары үшін нағыз мереке болды. Көпшілігі балаларымен бірге келіп, әуе батпырауықтарын ала келген. Көрермендер әуеге ең биік көтерілген және ұзақ тұрған, бірегей батпырауықты анықтады. Жеңімпаздардың ішінде оқушы Роман Полев, Әміржан Баянаев, Виктория Колотей және басқа да балалар болды. Жеңімпаздарға жүлде ретінде музей көрмелері мен павильондарын тегін аралауға абонементтер ұсынылды. Айта кету керек, батпырауықты ұшырған ең жас қатысушы Софья Смирнованың жасы екі жаста.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |