|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Шебердік баспалдақтары. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жарқын шығармашылығы. 2017
 
«Шебердік баспалдақтары». Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан көрме залында өз жұмысын бастаған сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрмесі осылай аталады. Онда Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалалары мен Ұлан, Катонқарағай аудандарының шеберлері өз туындыларын көрсетті. Салтанатта сөз алған музей-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова: «аталған экспозицияның ерекшелігі сонда, оған алғаш қатысушылармен қатар, сан түрлі шығармашылық ізденісте жұмыс істейтін өз ісінің нағыз шеберлері де қатысты» деп атап өтті.
|
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің – халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың Қазақстан халқының тілдері күніне арналған көрме-жәрмеңкесі. 2017
2017 жылдың 29 қыркүйегі күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А. Бемм Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығында қолөнершілердің-халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесін өткізді. Көрме-жәрмеңке Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналды.
ЕГДЕ АДАМДАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ШҚО-НЫҢ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ» АТТЫ КӨРМЕ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЛЕКЦИЯ-ЭКСКУРСИЯСЫ . 2017
2017 жылдың 3 қазаны күні облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының көрме залында егде адамдар күніне орай Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Үлбі» әлеуметтік қамту орталығының қызметін пайдаланатын адамдар үшін қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Оған жиналғандар «ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері» атты экспозиция бойынша жасалған экскурсияны тамашалап, аталған тақырып барысында білімдерін жетілдірді және өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Экскурсияны халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм ұйымдастырып, жүргізді.
Музей-қорық ұжымы экскурсия жүргізуші-гид Елена Дроздова мен суретке түсіруші Алексей Мазницынды құттықтайды. 2017
 
27 қыркүйекте Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне орай ауқымды мереке болды. Онда аймақтағы озық туристік фирмалар мен аталған саланың үздік қызметкерлері марапатталды. Аталым бойынша марапат көргендерге сыйлықты облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
Іс-шара барысында «Үздік экскурсия жүргізуші-гид» аталымын облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкері Елена Дроздова жеңіп алды. Ол экскурсияларды өте биік әдістемелік деңгейде өткізіп келеді. Ал «Үздік суретке түсіруші» аталымында әр суретінде ШҚО-ның сұлу жерлері мен адамдарын биік дәрежеде және қалыптан тыс өреде көрсете білген тамаша суреттері үшін Алексей Мазницынның еңбегі бағаланды.
Музей-қорық директоры Н.А.Зайцев «Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту саласындағы үздік жұмысберушісі» дипломымен және белгісімен марапатталды. 2017
  
Өскемен қаласының әкімдігі қаладағы әлеуметтік серіктестікті нығайту және дамыту, халықты жұмыспен қамтуға, тиімді де өркениетті еңбек нарығын құруға ықпал ететін жұмысберушілердің кадрлық қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерін анықтау және ынталандыру мақсатында 2017 жылғы 12 шілде - 15 қыркүйек аралығында конкурс өткізді.
Конкурс қорытындысы бойынша «Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу» аталымында музей-қорық директоры Н.А.Зайцев «Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту саласындағы үздік жұмысберушісі» дипломымен және белгісімен марапатталды.
«Кавказ пати» фестивалі. 2017
 
2017 жылдың 24 қыркүйегі күні музей-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешеніндегі киіз үйдің сахнасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Кавказ пати» фестивалі болып өтті.
Мерекелік бағдарлама барысында ингуш, чечен, дағыстан халықтарының қан қыздырар билері орындалды. Оларды жиналған көпшілікке «Вайнах» атты чечен-ингуш этномәдени бірлестігінің, «Арарат» атты армян этномәдени бірлестігінің және «Азери» атты әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері мен «Кавказ» лезгинка мектебінің шәкірттері ұсынды.
Суретті түсірген Алексей Мазницын
Тіл достықтың – тірегі. 2017
   
21 Қыркүйек 2017жылы сағат 12-00 де ақпараттық білім-бөлімі мемлекттеік тілде, тілдер мерекесіне орай «Тіл достықтың – тірегі» атты іс-шара өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 3 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара аясыңда «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы» туралы мағұлмат айтылып, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтардың тіл жайлы айтылған қанатты сөздері қолданылды.Қазақстан халқы Ассамблеясының біздің еліміздегі маңызымен рөлі, көп ұлтты еліміздің татулығымен бірлігі айтылды.
Іс-шара соныңда викториналық сұрақ-жауаппен, тіл жайлы мақал -мәтел мен жұмбақтар қойылды.
Шығыс жекпежектері мен йога күні. 2017
 2017 жылғы 17 қыркүйекте ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта «Жібек жолы» экспозициясы бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығыс жекпежектері мен йога күні» өтті.
Іс-шараның басты мақсаты: шығыс жекпежектерін насихаттау, жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, пікірлестерді табу және қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ сауықтырудың кезкелген жастағы адамға пайдалы болып табылатын йога сияқты түрін көпшілікке танымал ету.
Қазақстан Республикасындағы ГФР-дың төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль музей-қорықта болды. 2017
   
15 қыркүйекте ГФР елшісі Рольф Мафаэль музей-қорықтың Солжағалық кешенінде және Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан ғимаратындағы «Біз - Қазақстан халқымыз» атты экспозицияда болды.
Фото Сергея Сурова
«Хониагаран» ұжымының орындауындағы иран дәстүрлі музыкасы. 2017
 
8 қыркүйек күні сағат 18.00-де Достық үйінде (облыстық драма театрының Головков көшесі, 47 мекенжайдағы бұрынғы ғимараты) Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы елшілігі жанындағы Иран мәдени орталығы арасында орнаған ұзақмерзімді мәдени ынтымақтастық аясында «Хониагаран» музыкалық ұжымының орындауындағы иран дәстүрлі музыкасынан концерт өтті. Концерт Өскемен қаласы Күнін мерекелеуге орайластырылған болатын.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |