• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Талдыбаева С. М. Қазақ оюларының тәрбиелік мәні

Талдыбаева С. М. Қазақ оюларының тәрбиелік мәні

            Мақалада салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы айтылады. Тарихты, рухани құндылықтарымызды жас буын өкілдерінің санасына сіңіре отырып отансүйгіштік, елге-жерге деген махаббатты күшейту турасында айтылады.

 

            В статье говорится о роли обычаев и традиций в воспитании молодого поколения. Рассказывается о том как можно закрепляя историю и духовную ценности в сознании подрастающего поколения воспитать патриотизм и любовь к своей родной земле.

 

            The article talks about the role of customs and traditions in educating the young generation. It tells how to consolidate the history and spiritual values ​​in the minds of the young generation to cultivate patriotism and love for their native land.

 

Сәулеттік әшекейлеуді, үй жиhаздарын, түрлі сәндік бұйымдарды қарап отырып, біз халық шеберлерінің ою-өрнектің бейнелеу желісі болып табылатын эмоциялық құрылымын шешуге байыптылық пен шығармашылық сезімталдық танытқанын байқаймыз.

Өз шығармашылығының осы сарындарын ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған, ал өз кезегінде ата-бабаларының көне сенімдерінің бейнелерінен, табиғат пен қоршаған ортаға жасаған байқауларынан шабыт алып, ішінара сырттан келген дүниелерді өздеріне қарай бейімдеп өңдеген.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері  көпқырлы, және әрқайсысының өзіндік атаулары бар. Бүгінде өнертанушыларға ою-өрнектің 200-ге таяу түрлері белгілі. Мүйіз бейнелі оюларды қазақ ұлттық ою- өрнек өнерінің қайнар көзі деп есептеуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар мүйіз, архар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз,өркеш мүйіз,төртқұлақ, түйетабан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан т.б. ою- өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою -өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың  сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы араласып отырады. Сондықтан қазақтың ұлттық ою- өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенділер өмір салты бейнеленген.

Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы -  симметрия заңы. Симметрия кез келген ою - өрнекте болады. Ою- өрнектегі бояу түрлерінің бір –бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі. 

Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм – ырғақ  дейді. Мысалы, қошқар мүйіздің қайталанып отыруы – ырғақ (ритм) болып табылады.

Бізге дейін жеткен ою - өрнектердің үлгілері қазіргі заманға соншалықты бейімделгендіктен, олардың бейнелеу өнерінің негізіне салынған алғашқы нысандардың нақты мазмұнын ашып көрсетуі, көп жағдайда мүмкін болмай қалады. Солай бола тұрса да біз, мәселен, б.з.д. 4-3 ғасырлардың өзінде тұрмыстық заттардың белгілі бір бөліктері қойдың басы түрінде бейнеленгенін білеміз, бұған археологиялық қазбаларда табылған ыдыстардың құлақшалары дәлел.

Осылайша, қазақ ою-өрнегінің бізге дейін жеткен түрлерінің тамырында шынайы бейнелердің сұлбасы жатыр, және ою- өрнек өз нысандарына өзін жарыққа шығарған халықтың ерекшеліктері мен тіршілік дәстүрлерін, техникасының деңгейі мен өмірінің басқа жағдайларын тоғыстырған. Арнайы жүргізілген зерттеулер ою- өрнектік өнердің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі халықтық өнер болып табылатынын көрсетті.

Біздің мұражайдың қорында көптеген әдәмі оюлы, тіпті ою-өрнексіз жәдігер жоқ десе болады. Сырмақ, текемет, терме алашалар бар. Өз облысымыздағы  әр аудандарының өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Мысалы,   Марқакөл ауданында көбінесе тармақты мүйіз, бұғы мүйіз өрнегін және олар әртүрлі түс қолданады, ұлан ауданында қошқар мүйіз т.б ою- өрнектер, қара мен ақ киізден сырмақтар қолданылады. Тарбағатай ауданында да түрлі түстер басым келеді.

Кез келген ғалымдардың зерттеулерінде «қазақтар ою -өрнек әлемінде тұрады» деп атап өтпеу мүмкін емес болған.

Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал кисе киімі, ішсе тағамы, мінсе көлігі болған. Олар мал жүнінен, қыл-қыбырынан иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқыған, ал сүйегінен, мүйізінен немесе терісін илеп күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындаған. Тіпті малмен байланысты ұғым- түсініктерін ою - өрнектер арқылы бейнелеп отырған.

Семантика- мағына. Ежелден бері біздің аналарымыз, қыз-келіншектеріміз ою-өрнек семантикасын білген. Бір зат жасаса да, оған көп көңіл бөліп, мән-мағына берген.

Мәселен, текеметтің ортасына «қошқармүйіз», шет-шетіне «тұмар», «шаршы» немесе «су» оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман-тілегі. Біздің экспозициямызда көптеген қошқармүйіз оюымен өрнектелген сырмақ, текемет, алаша, сүлгілер көрсетілген. Шемонайха ауданы, Первомайка кентінің тұрғыны Сексенбаева Маптиқаның қошқармүйіз оюы салынған сырмағы (КП-11-18573), Тарбағатай ауданы, Шілікті селосының шебері Нұренова Шәкеннің сырмағы ( КП- 11-18774), Тарбағатай ауданы, Жаңа-ауыл селосы Сисанова Сахай сырмағы (КП-11-18777) мен тұскиізі (КП-11-18778), Ұлан ауданы, Баяш ауылының тұрғыны Мұқанова Жаңыл сырмағы (КП-33-25121), Ұлан ауданы Жоғары Тайынты селосының шебері Данабаева Тулыашаның түкті кілемі ( КП-29-24380) т.б.

Мүйіз ою – мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен мүйіз ою аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбінесе қолтықшасына (орта гүл немесе шет гүлдің орталығы) өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Мүйіз оюы көбінесе Марқакөл, Катон- Қарағай аудандарында көп салынады. Катон- Қарағай ауданы, Қабырға селосы, Бағысжанова Шәуен түскиізі (КП-12-18839), Марқакөл ауданы, Сорвенок селосы, Қайырбаева Сағынұр сырмағы (КП-12-19031), Катон- Қарағай ауданы, Жамбыл селосы, Иксанова Сағила сырмағы (КП-14-19398), Ұлан ауданы, Екатериновка селосы, Қамай Иманзакуқызының төсек сырмағы (КП-18-20675) т.б.

Омыртқа оюы- қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Осы ою- өрнекпен әшекейленген әдемі басқұрларды  біздің мұражайдан тамашалауға болады. Сонымен қатар, Ұлан ауданынан әкелінген тақыр кілем ( КП-32-24886), түкті кілем (КП-29-24380) иесі Данабаева Тулыаша Жоғары Тайынты селосынан т.б. 

Сондай-ақ қазақ халқының көшпелі өмірінде жылқының орны ерекше. «Жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар», «құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» т.с.с. мақал-мәтелдер қазақ жылқысын жан-жақты сипаттайды. Сондықтан да жылқы қазақ халқының ұғымындағы ең жоғарғы өмірдің символы (символ высшего мира) ретінде қолөнерде де қалыс қалмаған. Ою-өрнек өнерінің атбас, ашатұяқ т.б. өрнектерімен белгілі.

«Ауырды нар көтереді,өлімді ер көтереді», «Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксең, бақ етпес», «Нар жолында жүк қалмас» -деген мақалдар қазақтың түйеге деген зор ықыласын білдіреді. Адам алыс жолға шыққан кезде киімдеріне «түйетабан», түйемойын» оюларын салады. Және «ботакөз» өрнегін қолданады. Ұлан ауданы, Амангелді селосы, Маймакова Маликаның алашасы (КП-33-25122), Оспанов Серік тапсырған түкті кілем (КП-26-23379).

«Жетіссең де жер жемісін жеті аса»деген қазақтың тек қана мал шаруашылығымен емес, егіншілікпен де айналысқанны тарихтан мәлім. Ата-баба, әже-апаларымыз «Елдің ағасы болғанша судың сағасы бол»деп, суармалы егін егуде судың мәнін жоғары бағалап, қолөнерінде де тоқшылық пен молшылықтың нышаны етіп «су», «ирек», «арық», «тасқын», тоғыз төбе», «арпа гүл» т.б. ою-өрнек түрлерін қолданды. Бұған қоса егін шаруашылығына қатысты арнайы құрал –саймандардың кейбір «балға», «орақ», «тырнауыш» сияқты түрлері де қолөнерінен орын алады. Жоғарыда аталған ою- өрнектерді қоржыннан,  түскиіздерден, сырмақтардан байқай аласыздар. Ұлан ауданынан, алаша бөлшектері Қамалиева Күляштің (КП-11-18712), Мүбәрәкова Фәриләнің ( КП-11-18736) Шымқора селосынан, Сержан Башировтың сыйлаған тақыр кілемі (КП-29-24370), Өзбекстан, Бұқар облысы т.б.

Мәселен, тау оюы қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш- құдіреттің символы. Қариялардың «таудай бол» деп бата беруі де тектен тек емес. Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадан байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы – бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.

Мысалы, халық шеберлерінің айтуы бойынша күннің символы ретінде «дөңгелек», дүниенің төрт торабы ретінде «төртқұлақ» бейнеленеді. Ортасында күннің нұр шашуы, жұлдыз, ай белгілері бейнеленіп,сырт жағынан жапырақтармен өрнектелген «шұғыла оюы»- өмір сүрудің қайнар көзі осылар деген ұғымды білдіреді. Бұл өрнектер көбінесе ыдыстар немесе зергерлік бұйымдар да қолданылады. Мұражай коллекциясындағы сырға, жүзік, білезіктер оған дәлел.

«Тасбақа оюы» - мәңгіліктің символы. Бұл ою батырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқасына салынатын болған. Онысы мәңгілік өмір мен бақыт тілегені.

«Қарғатұяқ» -қарғаның тұяғына тәріздес болған соң солай аталған. Бұл ою қыс келді деген белгіні білдіреді. Көк, қызыл, қоңыр, қара түстерге еніп, тақыр кілемдерді, алашаларды өрнектегенде тек қана бір элементі қолданылады да, ақ құрға салынғанда барлық элементтері қамтылады.  «Қарғатұяқ» өте жиі кездесетін ою, оны кілем жиектерінде , әшекейлерде, жиhаздарда да кездестіруге болады.

Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы шарт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдеме қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының «отырса опақ, тұрса  сопақ» болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте ұзатылған қыздан «құсмұрын» бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта,  жағдайы жақсы екенін ұғатын болған. Сол себепті ұзатылған қыздан сәлемдемеге «құстұмсық» жүзік келсе, немесе құстұмсық ою -өрнекті түскиіз, басқұр сияқты зат келсе, ауыл –аумағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет еткен.

Бұған қоса табиғаттың құбылыстарын,  найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, қардың, жаңбырдың не себептен болатынын түсінбеген ертедегі қазақ халқы күнді, айды, аспанды т.б. керемет күш деп біліп, сол күштерге сиынған. Имек  /          / ,         дөңгелек  /          /, жұлдыз / *  / тәрізді белгілер керемет күштерге табынудан қалған.

Әрине, қазақ халқының ою- өрнек өнері күні бүгінге дейін жан-жақты, толығымен зерттеле қойған жоқ. Бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқанын да атап өткеніміз орынды болмақ. Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою- өрнекте өнертану ғылымында өсімдік тектес өрнек (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл, ағаш.және т.б.), зооморфтық өрнек (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қыныр мүйіз, сынық мүйіз, сондай-ақ табан, өркеш, қаз мойын және т.б.) , геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдыз, көпбұрыш, балдақ, қармақ және т.б.), космогониялық өрнек ( дөңгелек, төрт құлақ, шұғыла, шимай, бітпес және т.б.) деген топтарға бөлу қалыптасты. Өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің түрлерін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама берген. әйткенмен ою- өрнектің түрлері осымен ғана шектелмейтіні өзінен - өзі түсінікті. Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер де әр заманның, әр кезеңнің бағыт –бағдарына, сұраныс- қажеттілігіне  қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады.

Сан ғасырлар бойы халықтың рухани да, материалдық та игілігіне айналған осынау ою-өрнек өнері бүгінгі күннің талабына орай, халық арасынан шыққан ісмер-шеберлердің шығармашылық ізденістерінің  нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, соңы мазмұнға ие бола түсуде.

 

Әдебиеттер тізімі.

 

Ибраева.К. «Казахский орнамент».

Алматы, Өнер 1994 г.(128 стр.)

Басенов.Т.К. «Орнамент Казахстана в архитектуре»

Алма-Ата 1957 г.

Джанибеков.У. «Культура казахского ремесла»

Алматы, Өнер 1982 г. (144 стр.)

Толенбаев.С. Омирбекова.М. «Способы создания орнамента»

Алматы. «Каганат ЛТД» 1993 г.

Басенов.Т.К. «Прикладное искуство Казахстана»

Алматы, 1958 г.

Толенбаев.С. Омирбекова.М. «Қазақтың ою- өрнектері»

Алматы. «Каганат ЛТД» 1993 г

7.Касиманов. С «Қазақ халқының қолөнері»

Алматы, 1969ж

8.Әбдіғапбарова.Ұ.М. «Қазақтың ұлттық ою -өрнектері»

Алматы, Өнер 1999 ж

 

 

 

 

Аяққап

«Қошқармүйіз» «бітпес» оюлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

Ақ бау

 Жіп, түкті және түксіз тоқыма

«Терісбұтақ» оюы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бөстек «Төртқұлақ»  оюы

 














Тұскиіз бөлігі «Архармүйіз» оюы

 

 












«Дәстүр»  № 5-6 (72-73), ҚЫРКҮЙЕК-ҚАЗАН-ҚАРАША-ЖЕЛТОҚСАН, 2020 ЕКІ АЙДА БІР РЕТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ШЫҒАТЫН ҰЛТТЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМ. 39 бет

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …