ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қаладағы ШҚО сәулет-этнографиялық жене табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі» корымен ұйымдастырылған «Нұрсұлтан Назарбаев: тұлға және саясаткер»такырыбында көрменің ашылуы болып өттi.
Көрмені облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар мен ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығының директоры Н.Зайцев ашты.
Көрмеде президент институты қалыптасуының негізгі кезендерінің, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын ашып көрсететін фотокуәгерлер, тұңғыш Президентке тарту етілген сыйлықтар мен оның жеке заттары келушілер назарына ұсынылды.
Қала тұрғыны Динара Исмайлова ерекше ұнағаны Елбасының жас кезден бастап президент атанган сәтіне дейінгі фото суреттер және кәдесыйлар екендігін айтты.
Көрмеге қойылған заттар елбасының еңбек жолын ең алғаш бастаған бозбала шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен сындарлы жолынан сыр шертеді. Көрме қаңтар айына дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет етеді.
Жандос Дайырбаев
г. Өскемен № 47, 22.11.2012 жыл
< Предыдущая | Следующая > |
---|