Облыстық этнографиялық мұражайда өнер сүйер қауым үшін тағы бір тамаша көрме ашылды. «Парсы тынысы» көрмесін Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени өкілдігі ұсынып отыр.
Көрмеде қазіргі Иранның тарихына, мәдениетіне арналған кітаптар мен сәндік қолданбалы өнердің, каллиграфия өнерінің 200- ден астам түрі қойылған. Бұлар негізінен ХХ ғасырдың соңы мен ХХ1 ғасыр басындағы иран қолөнершілерінің еңбектері, олар металды, ағашты, матаны, сүйекті, басқа да қол астындағы материялдарды пайдаланған.
Иранда, әсіресе, қолөнердің бірі ретінде каллиграфия өте жақсы дамыған. Каллиграфия дегеніміз- әдемі де анық жазу өнері. Сол себепті көрмеде құран хадистерінен үзінділер, аяттар, рубаяттар жазылған ка-ллиграфия туындылары баршылық.
Әдемілікті бағалай білетіндер үшін ирандықтпрдың ағаштан ойып, мозайкамен өрнектеген ыдыс- аяқтары, металдан жасалған, күмістелген табақ, вазалар ерекше құнды. Ахеменид кезеңіндегі (б. д. дейінгі 500жыл) колоннаның адам басы түріндегі капителі, Парсы патшасы Даний 1-дің басы көне дәуірмен әуестенетіндер үшін қатты қызығатын экспонаттар. Ағаштан ойып жасалған құран қоятын тұғыр да ешкімді бей- жай қал-тырмасы анық.
Үш мың жылдық жазбаша тарихы бар Иранда әдебиет туындылары қашан да жоғары бағаланған. Көрмеде М.Әуезовтың «Абай жолы», Қожа Ахмет Яссауийдың еңбектері көрнекті орын алыпты. Иранның көрнекті суретші – кескіндемешісі Махмуд Фаршчианның туындылары да иран халқының тұрмысынан, тарихынан, бүгіннен сыр шертеді, Иранның провинциялары мен қалаларының суреттерін көргенде «Мың бір түнде» айтылған оқиғалардың барлығы көз алдыңа бірден елестейді.
Көпшілік үшін сағымдай болып көрінетін көне Иранның өнер ту-ындылары олардың тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп отыр.
Иран өнерінде геометриялық бейнелеу сарындары (түрлі медальондар, каллиграфиялық жазбалар, өсімдіктік өрнектер) басты нақыштар болып табылады. Композициялар өзідеріне тән экспрессиямен, өрнек байлығы-мен, әр түрлі түстердің нәзік үйлесімділігімен ерекшеленеді. Жарықтың шығыстан түсетіні белгілі. Соның арқасында адамзаттың қаншалықты ақиқат пен даналыққа ие болғанын ұмытуға ешкімнің де қақысы жоқ. Демек осы көрме соның дәлелі спеттес.
Айна Есенқызы
«Дидар»газеті № 100, 2006 жыл.
< Предыдущая | Следующая > |
---|