Өткен сенбі күні ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи- ландшафтық мұражайында Үндістан елшілігінің үнді мәдени орталығының ұйымдас-тыруымен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 15 жылдығы және Үндістан тәуелсіздігінің 60 жылдығына арналған «Үндістанмен кездесу» атты көрме ашылды. Көрмеге осы елдің тарихы мен мәдениеті-нен сыр шертетін тарихи этнографиялық құнды жәлдігерлер қойылған. Көрменің лентасын қиып, алғашқы сөз кезегін алған Өскемен қаласы-ның әкімі Шәкәрім Бұқтығұтов , көрермендерді атаулы мерекемен құт-тықтап, үнді мәдениетінің ғажайыптарымен танысуға мүмкіндік туғыз-ған мәдениет орталығына алғыс білдірді.
Көрмені ұйымдастырушы - еліміздегі Үндістан Республикасы елшілігінің үнді мәдениет орталығының директоры Дипали Пал ханым:
-Ыстық ілтипатпен қарсы алып, қошемет етіп жатқан өскемендіктерге, қала әкіміне, мұражай директорына рахмет айтамын. Атаулы мерекелерге арналған бұл мәдени шаралардың мақсаты – екі елдің достық қарым- қатынасын одан әрі дамыту, сіздерді үнді мәдениетімен етене таныстыру,- деді сөз кезегінде.
Осы шара аясында жексенбі күні Жамбыл атындағы облыстық драма театырында Дели қаласындағы «Катхак Кендра» классикалық биі мем-лекеттік институтын бітірген, Қазақстандағы тұңғыш катхак жұбы Лайла Омарова мен Алмагүл Теміртекованың жетекшілігімен үнді мәдени орта-лығының би ұжымының концерті өтті . Концертте классикалық катхак биі үлгілерінің сыртында үнді халқының ұлттық билері де ор-ындалды. Қазақ биі сияқты мың бұралуымен емес,асқан шапшаң қозғалыс, ғажайып ән әуенімен астасқан аяқ ритмімен, хореографиялық композициясының тамаша көркемдігімен таңдандыратын үнді билерін кәсіби шеберлікпен орындаған қазақтың бүлдіршін қыздарынан құралған бишілер тобы өнер-дің өзгеше үлгісін тамашалату арқылы көрермендер алғысына бөленді.
Бодаухан Тоқанұлы
«Дидар» газеті № 49-50 , 2007жыл 12 наурыз