• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Ғафура Сәрсенбайқызы. Шебер ұл – қыздар ұсынған көрме

Ғафура Сәрсенбайқызы. Шебер ұл – қыздар ұсынған көрме

«Бұл ән  бұрынғы  әннен  басқарақ» деп  Шәкәрім  айтпақшы , Өскемендегі  этнографиялық  мұражайда  өткен  бұл  көрме  бұрын -  соңды  өткен  көрмелерден  өзгеше,  соны   болды.  Облыс  орталығы-ндағы  ана  тілінде  дәріс  беретін  қарашаңырақ  Жамбыл  атындағы  гимназия- интернаттың  қолөнеріне, ата  дәстүріне  ден  қойған  шәкірт-терінің  туындылары  аталған  мұражайдың  екі  залын  көркемдеп  тұрғандай  көрінді. Мектеп  оқушыларының  алғашқы  рет  елге  ұсын-ылған  бұл  дүниелері  расымен  сан  алуан.

Мектептегі  мыңға  тарта  оқушының  500-ден  астамы,  ұстаздары  Бұлбұл  Мәрден  мен  Бауыржан  Кәрімовтың  жетекшілігімен  ою  ойып, өрнек  тоқып, ат  әбзелдерін  жасап келеді  екен. Әр  жасты бүгінгі  уақыт  үрдісінен  бөлектеу, ата  салтының  дәстүрлі  өнеріне  үйретіп, ескіні  жаңалап,  жаңаны  жаңғыртып  отырған  бұл  ұстаздар  аптасына  екі  мәрте  өтетін технология   сабағында  жемісті  дәріс  беріп  келеді.  Соның  куәсі-  көрменің  төріндегі балалардың  қол өнерлері. Жас  адамға  бәрі  жарасады,  дегенмен  шеберлігін  танытса бек  жайнатады  емеспе?

- Менің  дәрісімді  300- дей  қыз-  қызғалдақтар  алады. 6- сыныптан  бастап  қолдарын  қалыптастыратын  олар  10-11 сыныптарда  кәдімгідей  киім  пішіп, үй  жиһаздарын  тігетін  дәрежеге  жетеді.  Олар  талапты, мен  соған  қуанамын. Тегі, өнердің  қай-  қайсысын  білу  артықтық  етпесі  хақ,  ал,  ертең  әр  қазақ   отбасының  отанасы  болатын  қыздарымыздың  қолы-нан  үй  жиһаздарын  әсемдеудің  ғаламат  өнері  келіп  тұрса,  жайнатып  жібермей  ме?,-  дейді  сонау  90-шы  жылдардың  басында  ата  жұртқа  келіп, осы   мектепте  1998  жылдан  бері  оқытушы  болып  істеп  жүрген  Бұлбұл  Мәрден .

Дарынды  бала  дарынды  ұстаздан  шығады. Әр  ер  баланы ағаштан  ою  оюға,  жалпы  қолданбалы  өнердің  әр  түріне баулып  жүрген  Бауыржанның  өзі  он  саусағынан өнер  тамған  домбыра  жасау  шебері.  Тарбағатайдың  таза  дәстүрге  бай  ортасында  өскен  ол  бұл  оқу орнында  істегелі  де 9 жыл  болған.  Содан  бері  талай   ұлды   өзі  пір  тұтқан  дәстүрлі  өнерге  үйрет-кен  ол әңгіме  арасында  осы  уақытқа  дейін 600- ден  астам  домбыра  жасағанын  айтып  өткен. Оның  домбралары  облыстың  Зрян, Шемонайха,  Зайсан,  Көкпекті  сынды  аудандарында, тіпті туу АҚШ, Түркия, Германия  сынды  елдерде  қоңыр  сазын  төгілтуде  екен!  Өткен  жылы  ғана түрік-  қазақ  лицейі 30 домбырасын  сатып  алыпты.

-Домбыраны  Катоннан  алдырған  қарағайдан  жасаймын. Олардың  бәрі  4000 теңгеден  сатылады.  Ал,  ат  әбзелдерін тек  сұраныс  бойынша  ғана  істеймін. Оны  жасауға  көбіне  қайыс  табылмайды, бәрін  базардан  қымбат-тау  бағаға  сатып  алуға  тура  келеді.  Ал, оқушыларым  бұл  шеберлікті  тәп- тәуір  меңгеріп  жүр ,- дейді  Бауыржан.

Осынау  екі  ұстаздың  тәлімін, өнерге  баулыған  дәрісін  көрмедегі  оқушылар қолынан  шыққан, әсем, көркем  дүниелер дәлелдегендей.  Лаура  Қамқаштың  «тақиясы» атластан  тігіліп, мақпалмен  көмкеріліпті. Айнара  Мүлікованың  инелерге  арналған  жастықшасы, Азия  Шаянбекованың  көрген  жан  көзін  ала алмастай  әсем  «Сәукелесі», Раушан  Ибраеваның  «Гүлі  бар  көжек» панносы, ұжым  болып  тігілген  әдемі  өрнегі  айқасқан тұскиіздер,  шынтақ  жастықтар мен көрпешелер  көңілді  көріктендіргендей. Нені  болсада  естігеннен  көрген  әлдеқайде  абзал ғой. Бір  айдай  уақыт бойы  қазақтың  дәстүрі  мен  мұра  болып  келе жатқан  өнерін  тамашалауға  құмар  адамдар бұл  көрменің  сыры  мен  сымбатын  бағалай  алады. Осынау  көрме   ашылар  салтанатта  облыстық  мәдениет  басқармасының  алғыс  хат-тарына  ие  болған  ұстаздар  бір  ауыздан «Еңбегіміздің  еленгеніне  қуаныш-тымыз, ең  үлкен  мәртебе  білгенімізді  білем  деген  балаларға  үйретіп  жат-қанымыз» деген  еді.  Осы  бір  сөздер әр  баланың  да, басқаның  да  жанына  нұр  құйғандай  әсер  еткені  бар. «Игілікті іс- ортақ» деген  қазақ  сөзі  осы бір  шебер  екі  ұстаздың  еңбегін  айғақтап- ақ  тұрғандай.  Тегінде,  атадан  балаға мұра  боп  келе  жатқан  дәстүрдің  алтын  арқауын  ширатып  жүрген  мұндай  жандар  барда  салтын  сақтайтын,  ұлтын  ұлағаттайтын  ұрпақ  азаймайтынысөзсіз.

Ғафура Сәрсенбайқызы

«Дидар» газеті  № 35-36, 4 көкек 2006 жыл

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …