Еліміз тәуелсіздігінің 15 жылдығына орайластырылған «Уақыт дәлелдеген көшбасшылық» атты көрме Өскеменде тұсауын кесті. Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайының директоры Алма Сағынғали көрменің салтанатты ашылуына , құрылғанына екі жыл болған мұражай қорынан 94 жәдігердің әкелінгенін айтты. Бұдан кейін облыс әкімі Виктор Храпунов жиналғандар алдында сөз алып, тәуелсіздіктің 15 жылдығымен құттықтады.
Көрме ашылған үш күннің ішінде оны облыс орталығы мен жақын маңдағы ауылдар мен аудандардан он мыңға тарта адам тамашалады. Жиналғандар, әсіресе, еліміздің тұңғыш президенті өміріннің мемлекеттік және қоғамдық қызметінің барлық кезеңдерін қамтитын мұрағаттық құжаттарды, ғылыми еңбектер мен кітаптарды, шетел басшылары сыйға тартқан заттарды қызыға тамашалады.
«Егемен Қазақстан» газеті,
№ 239, 2006 жыл 5 қазан.
< Предыдущая | Следующая > |
---|