Сұлулық салтанаты
Өзінің жұмыс істеп тұрған кезінде «Жастар» (бұрынғы Киров атындағы) саябағы облыстың ең көркем саябағы атағына ие болды және қаланың көрікті жеріне айналды. Өйткені мұнда әр жаз сайын міндетті түрде жаңа дүние пайда болады. Осы жылы да солай болмақ. «Жастар» саябағының келермендерін күтіп тұрған жаңалықтар туралы бізге оның директоры, Халықаралық мұражайлар комитетінің мүшесі Николай Зайцев айтып берді.
Гүлдер патшалығы
Ақ, қара, қызып күрең, сары, қызғылт, қызыл қоңыр, тоқсары, қан қызыл. Қызғалдақтардың осындай сантүрлі түстерін қаламыздың басқа бір де бір жерінен көрмейсің. Табиғи шағын-қорықты безендіруге саябақ басшылығы асқан жауапкершілікпен қарайды. Көптеген тұқым дүкендерімен тығыз байланыс орнатылған, тіпті олардың кейбірі саябақтың дамуы үшін демеушілік көмек көрсетіп жүр.
- Райхангүлдерге біз Алматыға тапсырыс береміз. Биыл осы гүлдерді көбірек отырғызбақпыз, - деді мұражай-қорық директоры Николай Зайцев. - Бізге көшеттер жеткізіп беретін адаммен қатаң келісілген – егер райхангүлдер өнбей қалса, бізге оларды тегін ауыстырып береді.
Өңделген жер телімінің орталық бөлігінде екі айдан кейін бөлмелік бақ пайда болады деп әңгімелейді Николай Алексеевич. Жоқ, онда бөлмеде өсірілетін өсімдіктер болмайды. Әшейін әрбір гүлдік композиция әрбір жеке секцияға – бөлмеге қойылатын болады. Бұл ландшафтық дизайнның тіптен жаңа бағыты, ол Қазақстанда енді ғана дамып келеді. Мұражай директоры бұл тәсіл еліміздегі саябақтардың аумағында әлі бір де рет қолданылып көрмеген деп сендіреді мұражай директоры.
Көлеңкелі жерлерді жақсы көретін өсімдіктердің жаңа аллеясын жасау жоспарда бар. Ол М.Горький көшесі жағынан кіреберіске таяу орналастырылмақ. Тас арналы бұлақ бойында қырыққұлақ пен хоста өздерінің жалпақ жапырақтарын жайқалтатын болады. Жасанды тоған табанында су лалагүлдерінің өскіндері көріне бастады.
Жаңа да қызықты
- Міне, осы жерге біз балалар алаңқайын ұйымдастырамыз деп шештік,- деген Николай Зайцев саябаққа Қайсенов көшесі жағынан кіреберіске таяу жердегі көгалды көрсетті. – Орын түк жетпейді. Сондықтан алаңқай шағын болады. Және де мектеп оқушыларына арналмақ.
Осы жерге кіші сәулеттік үлгілер қойылады, көңіл көтеруге арналған жеке аймақ абаттандырылады. Сөздің орайына қарай, осы жерде, ертегілер аллеясының жанында биыл тауық сирақтарындағы екі үй және бірнеше жаңа ағаш мүсіндер пайда болды. Сонымен бірге, қатарлас жерге тротуарлық тастақта төселген шағын алаңға батут қою жоспарланып отыр,
Николай Зайцевтің басшылығымен мектеп мұражайлары қайта жандануда. Мақсат – балаларды қызықты іске тарту, энтузиастарға қолдау жасау, мұражай ісіне жаңа тыныс беру. Дәл осы үшін облыстық мұражай-қорықта кең құлашты үшжылдық жоба басталды. Мәселен, биылғы 19 мамырда мектеп мұражайларының бірінші экспозициясы ашылатын болады. Оған тарихтың таңдаулы 16 бұрышы қатыспақ, олар балалардың қолдарымен жасалады. Ал келесі жылы 18 мамырда осы жұмыстың алғашқы қорытындысы шығарылады - Өскеменде мектеп мұражайларының бірінші облыстық фестивалі өтеді. Оған бүкіл Шығыс Қазақстаннан 100-ге таяу мұражай қатысатын болады.
Саябаққа келушілердің арасында этнографиялық деревня айрықша танымал. Биыл ашық аспан астындағы осы бір өзіндік сәулет мұражайының аумағында көне мешіттің көшірмесі пайда болады, ол қазір Бесқарағай ауданының Ақкөл ауылында тұр. Николай Зайцев алғашында осы бір нағыз мұсылман ғибадатханасын алыс ауылдан көшіріп әкелу көзделген болатын дейді. Шағын ауылда іс жүзінде ешкім тұрмайды, онда барлығы төрт үй ғана қалған, ал мешіт болса жөндеу мен күтімді талап етеді. Діндар мұсылмандар ғимаратты көшіріп әкетуге қарсы болды, сондықтан Ақкөл мешітін қалпына келтіру жұмысын жүргізіп, ал саябақта осы сәулет ескерткішінің көшірмесін қоюға шешім қабылданды.
Алдағы болашақ жайында сөз қозғағанда, Николай Алексеевич «Жастар» саябағының бұрынғыдай даму қарқыны бола қояр ма екен деп өкініш білдіреді. Өйткені ондай шаруаға орын қалған жоқ. Енді мұнда жыл сайын қалпына келтіру жұмыстары ғана жүгізілетін болады.
Ирина Кирилюк. 2009 жыл.
Орысшадан аударған Р.Б.Қайырбаева,