Облыс әкімі Виктор Храпунов шығармашылық зиялы қауыммен кездесіп, онда конкурс жеңімпаздарына жыл сайынғы «Мәдениетті дамыт-уға қосқан үлесі үшін» сыйлығын тапсырды. Сегіз аталым бойынша 40 үміткердің арасынан әкім сыйлығы облыстық сәулет- этнография және тәбиғи – ландшафты музей- қорығының директоры Николай Зайцевке, Семей сазды- драмалық театрының артисі Шайзат Бахтиноваға, Өскемендік ақын- драматург Ғалым Байбатыровқа , айтыс ақыны облыстық филармо-нияның әншісі Абаш Кәкеновке, Зырян қаласы «Балагуры» би ансамблы-ның жетекшісі Нина Истомнаға, Аягөздік бейнелеу өнері пәнінің мұға-лімі Жылқайдар Нұрсафинге, Катонқарағай аудандық кітапханасының директоры Зинайда Катиеваға және Өскемен қаласындағы зағиптар қоғамы бастауыш ұйымы клубының меңгерушісі Геннадий Кузьминге тапсырылды.
Әкіммен кездесуге облыс көлеміндегі мәдениет ұйымдарының басшылары, аудандық және қалалық мәдениет пен тілдерді дамыту бө-лімдерінің меңгерушілері, әкім сыйлығының өткен жылдардағы лауреат-тары, артистер, суретшілер, жазушылар мен журналистер қатысты. Кездесуде өнер шеберлерінің концерті болды.
«Дидар» газеті № 104, 2006 жыл 14 қазан
< Предыдущая |
---|