No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. Іс-шара бағдарламасында қазақ ұлттық ойындары, араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сағат, экскурсия, сурет көрмесі болды. Сонымен қатар, ШҚО қолөнершілері өз жұмыстарын ұсынды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, барлық қонақтарға қазақ дастарханынан дәмді бауырсақ және ыстық шәй ұсынылды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында «Абай мұрасы–халық даналығы» атты іс-шара өтті. Кездесуге ШҚО Шекара қызметі департаментінің жас қызметкерлері мен қаланың әскери бөлімдерінің сарбаздары, сондай-ақ, Солжағалық кешен қонақтары қатысты. Шығармашылық диалог алаңы – ашық микрофон түрінде өткен іс-шарада Абайдың қара сөздерінен дәйексөздер және өлеңдер оқып, барлығы бірге халық арасында кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекенің сәні ақын шығармаларына негізделген картиналардың көркемсурет көрмесі болды. Абай үйіне экскурсия жасау мен халық ойындары кездесудің қызықты өтуіне әсерін тигізді.

 

ШҚО музей-қорығында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ,  «ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК және «ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті халық қолөнері мен қолөнер кәсібін дамыту және насихаттау.

 

«ADK River» сауда орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке баулу және қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу болды.

Бағдарламаға музыкалық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Шара қонақтары қазақ музыка өнері мен күйге арналған викториналар мен ойындарға қызығушылықпен қатысты, сондай-ақ домбыра пазласын жинады.

 

2025 жылғы 25 маусымда Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) «Бір шаңырақ астында» көрмесі ашылды. Бұл оқиға екі мәдениеттің кездесуі, ортақ аспан мен оның мұрасын сақтауға деген ұмтылысты біріктірген қос оқиға. Халықаралық жоба – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы мен Орта Оралдың дәстүрлі халық мәдениеті орталығының жемісті ынтымақтастығының нәтижесі. Көрменің вернисажына қонақтар арасында Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі В.Ю. Ярин, Свердлов облысы мәдениет министрінің орынбасары Р.В. Дорохин, Екатеринбург қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулының Бірінші хатшысы Б.Е. Төлегенов қатысты. Көрмені Орталық директорының міндетін атқарушы К.О. Савин ашты.

Толығырақ...

 


Страница 1 из 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 832
Статьи : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …