
2026 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің Қ.Қайсенов атындағы этнобағында «Қымызмұрындық» іс-шарасы өтті.
Қымыздың дайындалу тәсілімен таныстыру, ұлы даланың қастерлі сусынына қатысты салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында «Нұр-Алтай» және «Қарлығашым» би ұжымдары, «Жаңғыру» шығармашылық орталығы, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Ақниет», «Атамұра», «Дея» ансамбльдері, әншілер Қуаныш Оралбаев және Аслан Шыңғысбекұлы өнер көрсетті.
Шара аясында көрермендерге викторина сұрақтары қойылып, бал қымыз ұсынылды.
















