
2026 жылғы 22–28 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Алтын күздің ғажайып бояулары» атты экскурсия өткізеді. Экскурсия барысында Қазақстан мен ТМД елдері суретшілерінің бірегей туындылары ұсынылады. Іс-шараның ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы өнер туындыларын жаңа қырынан таныту. Бұл балаларға картиналар әлеміне терең бойлап, қылқалам шеберлерінің шығармаларын өзгеше қабылдауға мүмкіндік береді.
Экскурсия соңында оқушылардың ой ұшқырлығы мен шығармашылық қиялын шыңдауға бағытталған «Күзгі қазынаға саяхат» атты танымдық викторина өткізіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылады.







