• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

«Көркем шежіре». 2026

Мақаншы ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, облыс әкімі сыйлығының лауреаты Болат Каримұлы Исиннің «Көркем шежіре» көрмесі ашылып, көрермендерді 2018-2026 жылдар аралығында салынған акварель жұмыстарының сериясымен таныстырды. Көрмені Шығыс Қазақстан этнографиялық музейі мен Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Д.Б. Қойгельдинов сөз сөйлеп, суретшіге Құрмет грамотасын табыс етті, сондай-ақ музейге Абай портретін сыйға тартты. Іс-шараға мәслихат депутаттары, суретшінің әріптестері, қолданбалы өнер саласының оқытушылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Этнодизайнер К.А. Акашованың ұлттық киімдер топтамасының дефилесі мәдени бағдарламаның шырайын кіргізді.

Болат Исин Мақаншы ауылының тумасы. Суретші үшін туған жері мен оның табиғаты, ондағы адамдар мен сол өңірге тән ерекше атмосфера басты шабыт көзіне айналып, оның шығармашылық туындыларында айқын көрініс тапқан.

 

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3158
Просмотры материалов : 39724594

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...