2022 жылдың 6 мамырында Солжағалық кешен аумағында Ұлы Отан Соғысы жеңісіне арналған «Естелік жол» атты квест жүргізілді. Балаларға 7 бекет ұсынылды: 1. Мерген; 2. Майданға жіберу; 3. Әскери мамандықтар; 4. Аурухана; 5. Қалалар мен батырлар; 6. Марш - зымырау; 7. Саз. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебінен 3 сынып: «Жеңіс», «Катюша», «Мергендер» тосқауылдарды еш қиындықсыз өтіп, хаттарды іздеді, сұрақтарға жауап берді, өлең оқыды, ән айтты. Жарыстарда оларға жолбасшылар көмектесті, жолбасшылардың рөлін ата-аналары қуанышпен орындады. Балалар Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін, сондай-ақ спорттық шеберліктері мен тапқырлықтарын көрсетті. Барлық командалар жобаны ұйымдастырушылардың мақтау қағаздарымен марапатталды.