2022 жылдың 5 шілдесінде ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері астана күні мерекесі аясында «Әнмен асқақтатам сені, Қазақстан» атты театрландырылған-ойын танымдық бағдарламасын өткізді. Қатысушылар Өскемен қаласының «Спутник» аула клубының балалары болды. Ертегі кейіпкерлері Гүлдер ханшайымы мен Бағбан балаларды Нұр-Сұлтан қаласының қызықты жерлерімен таныстырды. Олар елорда үшін жасыл желектің маңыздылығын айтты. Шара барысында Отан тақырыбы айшықты арқау болды. Қызықты презентация, ойындар, жұмбақтар нағыз мерекелік атмосфераны тудырды. Елордаға сыйлық ретінде балалар толық себет гүл жинап, «Менің Отаным Қазақстан» флешмобын ұсынды.